Жұма, 11 Қыркүйек , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Қоғам

Жеті қазынаны дәріптеген этноауыл

02.06.2023
- Қоғам
0
Жеті қазынаны дәріптеген этноауыл
132
БӨЛІСТІ
366
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Жаңаарқаның іргесіндегі жасыл желек жамылған алқапта «Аманкелдінің ордасы» деп аталған ерекше сипаттағы этноауыл бой көтерді. Облыстық «Ұлттық спорт, саятшылық, құмай тазы, қыран бүркіт» федерациясының президенті, Жаңаарқа аудандық мәслихатының депутаты Қайсар Сейпішевтің қолға алуымен жүзеге асқан бұл жоба қазақтың жеті қазынасын дәріптеуімен ерекшеленеді.

Этноауылдың атауындағы Аманкелді – Қайсардың әкесі. Өмірден өткеніне оншақты жылдан асты. Кезінде күреспен айналысып, спорт шебері болған, мал маманы ретінде ауылшаруашылығына еңбегі сіңген азамат еді. Әке өнегесімен Қайсар да жасынан спортпен айналысты, көпшілік шараларды ұйымдастыруға бейімділігімен танылды. Халқымыздың төрт түлігінің қадыр-қасиетін біліп өсті. Атқа мініп, тазы ертіп аң аулауға, бүркіт баптауға құмар болды. Осының әсері болар, ол кейінгі жылдарда ұлтымыздың байырғы дәстүрі мен мәдениетін ұлықтайтын жобаларды жүзеге асыруды ойластыра бастады. Соның нәтижесінде саятшылық қырларын қамтитын ұлттық спорт федерациясының құрылуына ұйтқы болды. Қайсар «Ұлттық спорт үздігі» төсбелгісінің иегері, ҚР Ардагерлер кеңесінің Бауыржан Момышұлы атындағы «Батыр шапағаты» медалімен марапатталған.

Өткен жылы Ұлытау облысының құрылуы туралы Президент Жарлығы жарияланғанда Қайсар Аманкелдіұлы жеті қазынасын сайлап, қазақтың жабы атымен Жаңаарқадан Ұлытауға қарай «сүйіншілеп» жолға шыққан болатын. Көш кереуенімен ол 555 шақырымдық жолды жүріп өтіп, Ұлытау өңіріндегі Хан ордасына атбасын тіреді. Жолай аялдаған ауылдарда және Жезқазған мен Сәтбаев қалаларында жұртшылық өкілдерімен кездесу ұйымдастырып, жеті қазынасын насихаттағаны есімізде. Бұдан кейін Ұлытауда өткен тұңғыш Ұлттық құрылтайға шақырту алып, Жошы хан кесенесінде де жеті қазынасын дәріптеуі жарастықты сипатқа ие болған еді. Жалпы, жеті – қазақ халқы үшін киелі сан екені белгілі. Халқымыз ертеде жеті қазынаға жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазы, берен мылтық, қанды ауыз қақпан, ақыл-білім, өткір кездікті жатқызса керек. Оның әр өңірдегі елдің тұрмыс-тіршілік салтына, таным-нанымына қарай әртүрлі айтылатыны да бар. Қайсардың жеті қазынаны дәріптейтін этноауылы төрт ақшаңқан киіз үйлі ордадан тұрады. Қыран бүркіт, құмай тазысы мен төрт түлігі де осында.

– Төрт ордаға төрт ұлымның есімін беріп, бау-бақшаны қызымның атымен атадым. Мынау еңселі киіз үй үлкен ұлым «Ғарифолланың ордасы» деп аталады, мұнда шағын той, құдалық рәсімдерін өткізуге болады. Ал, екінші үй қарашаңырақта қалатын Абдулланың ордасы, одан кейінгі үйлер егіз ұлдарым Мұхаммед пен Әбубәкірдің ордалары. Қызымның құрметіне «Шұғыла бұлағы» атауымен бапталған шағын аумаққа бау-бақша егілді. Этноауылға келушілер төрт түліктің қызығын да көре алады. Атқа, түйеге мініп серуендеуге болады, балаларға арналған пони жылқысы да бар. Этноауыл жыл бойы жабылмайды. Күз, қыс айларында аңшылық құруды ойластырып отырмын. Құзырлы органдардан арнайы рұқсат алып, қоян, түлкі, қарсақ аулауды ұйымдастырамын, – дейді Қайсар Сейпішев.

Этноауыл ашылғалы мұнда келушілер қатары сиреген емес дейді. Дастарқан мәзіріне от жаққан пеште дайындалған ұлттық тағамдар ұсынылады. Қымыз, шұбат, ешкінің сүті сияқты шипалы сусындарға қызығушылар да көп көрінеді. Сонымен қатар, бала-шағаларымен келушілер атқа мініп, алтыбақан теуіп кең далада еркін сейілдеп, демалғандарына риза. Садақ ататын арнайы алаңы да бар. Онда жамбы атып, мергендік сынасуға да мүмкіндікжасалған.

Амандық РАХҰЛЫ.

Жаңаарқа ауданы

 

Бөлісу53Твитерге33

Көп қаралған

  • Әнші Ғалым МҰХАМЕДИН«Құрметті профессор» атанды

    Әнші Ғалым МҰХАМЕДИН«Құрметті профессор» атанды

    213 бөлісті
    Бөлісу 85 Твитерге 53
  • Бәйеш батыр

    228 бөлісті
    Бөлісу 91 Твитерге 57
  • Саналы ата-ана болу – бақытты отбасының негізі

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Экологиялық әдеттерді қалыптастыру және азаматтарды тұрақты тұтыну тәжірибесіне тарту

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • «Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

    1549 бөлісті
    Бөлісу 620 Твитерге 387
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру