Жұма, 23 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Жерлесіміз – «Қазақстанның Еңбек Ері»

23.05.2025
- Жаңалықтар
0
Жерлесіміз – «Қазақстанның Еңбек Ері»
65
БӨЛІСТІ
181
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Елімізде 21 мамыр күні Мәдениет саласы қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді.

Осыған орай Астанада Қазақстан республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет пен өнер майталмандарын қабылдап, құрмет көрсетті.

Мемлекет басшысының қатысуымен өткен алқалы жиында дәстүрлі әндерді орындаушы, Қазақстанның Халық әртісі, жерлесіміз Қайрат Байбосыновқа «Қазақстанның Еңбек Ері» мәртебелі атағын табыс етті.

«Бүгін ұлттық өнердің майталманы Қайрат Байбосыновқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріледі. Халқымыздың жан-дүниесін айшықтай көрсететін халық өнері әрдайым төрде болуы керек. Бұл марапат – әйгілі әншінің өлшеусіз еңбегі мен ұлттық өнерімізге деген ерекше құрметтің белгісі», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, Қайрат Әукенұлы 1950 жылы 1 маусымда бұрынғы Жезқазған облысындағы Жаңаарқа ауданының Атасу кентінде дүниеге келген. 1969 жылы Жүсіпбек Елібеков атындағы Республикалық эстрда-цирк колледжі (бұрынғы Алматы эстрада-цирк студиясын) бітірген.

Ұмыт болған, сирек орындалатын әндерді қалпына келтіріп, халық арасына таратуда елеулі еңбек етті. Концерттік сапармен АҚШ, Жапония, Германия, Франция, Испания, Италия, Түркия, Қытай, Бирма, Сингапур сынды елдерде болып, ұлттық өнерімізді шет ел тыңдаушылырына танытты.

Сондай-ақ оқыңыз

Министр «Қазақмыстың» еңбек жағдайымен танысты

Министр «Қазақмыстың» еңбек жағдайымен танысты

23.05.2025
Ұлытау облысы бизнесті дамытуда көшбасында

Ұлытау облысы бизнесті дамытуда көшбасында

23.05.2025

Қайрат Байбосынов 1969 – 1987 жылдары «Гүлдер» ансамблінің солист-воколисі, 1987 – 2009 жылдары Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры, Жүсіпбек Елібеков атындағы Республикалық эстрда-цирк колледжінің директоры болды.

1992 – 2009 жылдары Қазақ ұлттық консерваториясының «Халық әндері» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.

2009 жылдан бастап Күләш Байсейтова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры әрі «Халық әндері» кафедрасының меңгерушісі.

Жерлесімізді мемлекеттік атағымен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Бөлісу26Твитерге16
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Жерлесіміз – «Қазақстанның Еңбек Ері»

Жерлесіміз – «Қазақстанның Еңбек Ері»

23.05.2025
Министр «Қазақмыстың» еңбек жағдайымен танысты

Министр «Қазақмыстың» еңбек жағдайымен танысты

23.05.2025
Ұлытау облысы бизнесті дамытуда көшбасында

Ұлытау облысы бизнесті дамытуда көшбасында

23.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру