Дүйсенбі, 16 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Жеңіс күнін жақындатқан майдангер

16.05.2025
- Жаңалықтар
0
Жеңіс күнін жақындатқан майдангер
67
БӨЛІСТІ
186
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Ұлы Отан соғысының Жеңіспен аяқталғанына биыл 80 жыл толып отыр. Жеңіс біреуге қуаныш сыйласа, біреуге қайғы күйінде келді. Бала әкесіз, ана баласыз, іні ағасыз қалған шаңырақтар қаншама?

Ел басына күн туған заманда әкеміз Бәкен (шын есімі Ибадулла) ағасы Жұмаш (Жұмадулла) екеуі бір шаңырақтан он сегіз, он тоғыз жасар бозбала шақтарында қан майданға өздері сұранып, замандастарымен бірге 1941 жылы күзде ел қорғауға аттанған.

Әкем Бәкен Нысанбайұлы Орталық Калинин майданында 114-атқыштар дивизиясының 2-взводында алдыңғы шептегі минометші-жауынгер болған. Калинин майданындағы қиян-кескі шайқас кезінде 1943 жылдың 6 желтоқсанында сол қолына оқ тиіп жараланады, сонда елге жазған хатында «Алтыншы күн сағат тоғыз дегенде, осколкадан жараланып қалғаным» деп өлең жолдарын жазған екен, басқа сөздері есімде қалмапты. Содан кейін ІІ топтағы мүгедек болып елге қайтады. Елге келген соң еңбекке араласады.

1945 жылы анамыз Күләнда Досжан Байғабұлова екеуі бас қосып, жеті ұл-қыз тәрбиелеп өсірді. Анамыз Күләнда ұзақ жыл бойы Ұлытау-Жезді өңірінде сауда орнында жұмыс істеп, кейін денсаулығы болмай 1990 жылы өмірден озды.Әкем еңбек ете жүріп Целиноград (Атбасар) есеп сауда техникумын, кейін Қарағанды кооперативтік институтын сырттай оқып бітіріп алады. Сол уақыттағы Ұлытау ауданы кезінде аудандық партия комитетінде қызмет етіп, кейін ұзақ жылдар бойы бұрынғы Жезді ауданы тұтынушылар одағының кадр бөлімінде істеді. Әкеміз өте білімді, сауатты кісі еді. Қолы бос кезінде домбыра, мандолина тартатын, балаларының бәріне үйрететін. Анамызбен қай жердегі демалыс үйлеріне барып қайтса да, үнемі күнделік жазатын, оның барлығы да сарғайған блокноттарда сақтаулы, ата-анамызды сағынған кезде отыра қалып оқып еске аламыз.

Әкемнің майдандағы ерліктері және бейбіт өмірдегі еңбектері көзі тірісінде бағаланған, «Даңқ» ордендері, «Еңбек ардагері», бірнеше ондаған медальдармен, Қарағанды облыстық тұтынушылар одағының Құрмет грамотасымен т.б. марапатталған.

Сондай-ақ оқыңыз

«Қазақмыстықтар» «Алтын Гефест – 2025» байқауында жоғары марапатқа ие болды

«Қазақмыстықтар» «Алтын Гефест – 2025» байқауында жоғары марапатқа ие болды

13.06.2025
AMM 2025: «Қазақмыстың» негізгі бағыттары мен бастамалары

AMM 2025: «Қазақмыстың» негізгі бағыттары мен бастамалары

13.06.2025

Әкем жайлы қазіргі кезде көзі тірі (әрине жоқтың-қасы) қариялардан естіп қалсам, көңілім бір марқайып қалады. Әкем кезінде атақты академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевқа атқосшы-серік болып, Ұлытау өңірлерін аралапты, сол кезде Қаныш ағамыз әкеме қатты риза болып, өзінің қолындағы сағатын сыйлапты. Бұл жайында інім Мақсұт өзінің «Күміс бұлақ» атты жыр-жинағындағы «Әкемнің әңгімесі» деген өлең жолдарында былай деп жазады:

Сағындырған ауылға самалы ескен.
Оралған соң соғыстан аман-есен.
Оқу оқып, біліп ап Ұлытауда,
Білімін ұштастырған қызметпен.

Шақырды бізді бірде бөлмесіне,
Таңдандырды тамаша әңгімесіне.
Академик Сәтбаевпен бірге болған,
Кездері жүр екен ғой әлі есінде:

«Қанекең – ауылымызға атпен келді,
Қолын алып, үлкендерге сәлем берді.
Балғасымен уатып неше түрлі,
Қоржынына толтырып тастар терді,

Атқосшы-серік етіп ертіп алды,
Дала кезіп тексеріп құла жалды,
Қолына қалам алып, дәптеріне,
Сызып-жазып, әртүрлі белгі салды.

Жұмысы аяқталып, кетерде елден,
Қош айтысып жиналған үлкендермен.
«Атқосшы-серігіме сыйлығым» деп,
Қолындағы қолсағатын шешіп берген».

Деп әкем күлді бір сәт рахаттанып,
Қысқаша әңгімесі аяқталып.
Сол бір айтқан тамаша әңгімеден,
Отырдым әжептәуір сабақ алып!

Әкеміз ұзын бойлы, кең маңдайлы, адал пейілді, сауатты, өнерлі адам болған, жеңгелері әкемізді академик Қаныш ағамызға ұқсайды деп атын атамай, «Қаныш» деп еркелетіп атаған екен, өзім де бала кезімде ылғи еститінмін. Әкем 2003 жылы 81 жасында дүниеден өтті.

Гүлнар Нысанбаева
Жезқазған қаласы

Бөлісу27Твитерге17
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
«Комсомол»  колхозы

«Комсомол» колхозы

28.03.2025
«Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз»

«Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз»

05.07.2024
«Қазақмыстықтар» «Алтын Гефест – 2025» байқауында жоғары марапатқа ие болды

«Қазақмыстықтар» «Алтын Гефест – 2025» байқауында жоғары марапатқа ие болды

13.06.2025
AMM 2025: «Қазақмыстың» негізгі бағыттары мен бастамалары

AMM 2025: «Қазақмыстың» негізгі бағыттары мен бастамалары

13.06.2025
Еңбек қауіпсіздігі – басты назарда

Еңбек қауіпсіздігі – басты назарда

13.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру