Жексенбі, 18 Қазан , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Шарайна

Жеңімпаздар марапатталды

20.09.2024
- Шарайна
0
Жеңімпаздар марапатталды
108
БӨЛІСТІ
299
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

V Дүниежүзілік көшпенділер ойынында облысымыздың намысын қорғаған спортшылар Ұлытау облысы әкімі Берік Әбдіғалиұлының қабылдауында болды. Өңір басшысы «Ұлы дала дүбірінен» оралған азаматтарға алғыс білдіріп, ынталандыру қаражаты сертификатын табыс етті.

Атап айтар болсақ, додада ашыртмалы аба гюрешиден күміс жүлдеге ие болған Айдос Ғалымов Ұлытау облысының Құрмет грамотасымен марапатталып, 700 мың теңгелік ақшалай сертификатқа, ал мас-рестлингтен қола жүлдегер Асылмұрат Бірімжан 500 мың теңгелік ақшалай сертификатқа ие болды.

Бұл тұрғыда бапкерлер де марапатсыз қалмады. Ұлытау облысының Құрмет грамотасымен Айдос Ғалымовтың жеке бапкері Асыл Барменов марапатталып, 350 мың теңгелік ақшалай сертификатқа ие болды. Өңір басшысы Асылмұрат Бірімжанның жеке бапкері Әбдіхамит Асқарға да құрмет грамотасын табыс етіп, 250 мың теңгелік ақшалай сертификатпен ынталандырды.

Айта кетейік, 8-13 қыркүйек аралығында өткен көшпенділер ойындарына Ұлытау облысынан спортшылар, бапкерлер, керуен мүшелері, өнерпаздар, қолөнершілер, гид мамандары, ұйымдастыру алқасының мүшелері, жалпы саны 150-ге жуық азамат тікелей қатысты.

Көшпенділер ойындарында басты қасиетті нышан және негізгі элемент Су болды. Ойындар қарсаңында Қазақстанның барлық өңірінің қасиетті бұлақтарынан ашылу рәсіміне апарылатын су алынды. «Бірлік керуені» жобасы аясында құрамында «Батыр қыз» және 10 елшіден құралған облысымыздың өкілдері Ұлытаудағы Тасбұлақтан су алып, оны этноауылдың ашылу салтанатында «Тайқазанға» құю рәсіміне қатысып, өздеріне жүктелген жауапты істі абыроймен атқарып келді.

Сондай-ақ, іс-шара аясында Астанада «Көшпенділер әлемі» этноауылы бой көтеріп, Ұлытау облысы 3 киіз үй тікті. Онда әрбір келуші қонақтарға қазақ халқының салт-дәстүрлері қойылым ретінде ұсынылып, туристерге облысымыздың тарихи-мәдени орындары таныстырылды. Одан бөлек, киіз үйлерге қонақтарға арнап 80-ге жуық көне жәдігер экспонат қойылды.

Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.

Бөлісу43Твитерге27

Көп қаралған

  • Энергетиктердің еңбегі еленді

    Энергетиктердің еңбегі еленді

    108 бөлісті
    Бөлісу 43 Твитерге 27
  • АҚШ елшісі мыс қорыту зауытымен танысты

    89 бөлісті
    Бөлісу 36 Твитерге 22
  • Инженерлік білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық кеңеюде

    74 бөлісті
    Бөлісу 30 Твитерге 19
  • Жезқазғандықтардың үні үкіметке жетті

    96 бөлісті
    Бөлісу 38 Твитерге 24
  • Ұйым жүлдесі «ЖезУ» командасына бұйырды

    110 бөлісті
    Бөлісу 44 Твитерге 28
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру