Сейсенбі, 8 Қыркүйек , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Жемқорлыққа жол жоқ

30.09.2022
- Жаңалықтар
0
Жемқорлыққа жол жоқ
81
БӨЛІСТІ
225
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

«AMANAT» партиясының жергілікті филиалы ғимаратында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Асылхан Ашиков ардагерлер, қоғам белсенділері өкілдерімен және оқушы жастармен кездесу өткізді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және оның алдын алу тақырыбында әңгіме өрбіген кездесуді облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы, облыстық Мәслихат депутаты Ерболат Сатыбалдин жүргізіп отырды.

Мемлекет басшысы алға қойып отырған Әділетті Қазақстан құру жолындағы жаңару бағытында сыбайлас жемқорлыққа жол бермей, оның алдын алу айтарлықтай маңызды іс  болып табылады. Еліміздегі өршіп тұрған жемқорлықтың  деңгейін азайтудың бағыты саналуан. Осыған орай,халық арасында кең көлемді түсіндіру жұмыстары жүргізілуі керек.  Парасатты қоғам қалыптастыру міндеті алға қойылып отыр. Жоғары оқу орындары мен мектептерде парасаттылық сабақтары өткізілуде. Өйткені, азаматтардың жаңа буыны өсіп-жетілуі үшін мектептен бастап сыбайлас жемқорлыққа төзбеу дағдысын қалыптастырудың маңызы зор.

Президентіміз биылғы қыркүйек айындағы халыққа Жолдауында да бюджет қаржысын және жалпы ұлттық байлықты талан-таражға салатын жемқорлық әрекеттер мен оның астыртын жолын ұйымдастырушылардың түпкі амал-тәсілдерін анықтауға барынша күш салуды тапсырды. Департамент тарапынан жемқорлыққа тәуекелділік картасының негізгі бағыттары айқындалып, соған жол бермеу шаралары қарастырылуда. Жемқорлық көбінесе тұрғын үй қатынастары, жолдар мен инфрақұрылым салалары бойынша жиі орын алады. Жалпы, жемқорлықтың мемлекеттің орнықты дамуына, ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін дерт екені белгілі. Сондықтан да, онымен жүйелі күрес пен қоғамда белең алуына төзбеушілік әрбір адамның қасиетті парызына айналса деген ой түйілді. Кездесуге қатысқан белсенділер департамент басшысының орынбасарына өз сауалдарын қойып, оған орнықты жауабын алды.

Амандық РАХҰЛЫ.

Бөлісу32Твитерге20

Көп қаралған

  • Аймақ басшысы Ұлытау ауданындағы аурухана құрылысының барысын тексерді

    Аймақ басшысы Ұлытау ауданындағы аурухана құрылысының барысын тексерді

    69 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 17
  • Заң мен тәртіп – тұрақты қоғамның негізі

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – ортақ міндет

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Противодействие коррупции — общая задача

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Газетіме сәлем жолдаймын

    107 бөлісті
    Бөлісу 43 Твитерге 27
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру