Сейсенбі, 3 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Бәрекелді!

«Желі жұлдызы» болған жерлесіміз

«Koremiz Show» бағдарламасына қатысып қайтты

27.12.2024
- Бәрекелді!
0
«Желі жұлдызы» болған жерлесіміз
75
БӨЛІСТІ
207
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Оңтүстік Жезқазған кеніші № 65 шахтаның өздігінен жүретін жерасты техникасының машинисі Төлеген Лабақов пен оның қызы Шұғыла Жаңа жыл қарсаңында «Еуразия-1» арнасындағы «Koremiz Show» бағдарламасының «Менің әкем – ең жақсы адам» атты шығарылымына қатысып қайтты. Бұл бағдарламаға шақыртудың сырын Төлеген Лабақов бір мезетте желі жұлдызына айналғандықтарымен түсіндірді.

– Әлеуметті желіде блог жүргізу менің ойымда болған емес. Осыдан үш ай бұрын, қыркүйек айында әкеміз 60 жасқа толды. Асқар тауымызды құттықтауға бет алған кезіміз болатын. Көлікте отырып жас әнші Еркеш Хасеннің «Қызым» деген әнін орындадым. Әннің сөздерін де толық білмеймін. Тек қайырмасын айттым. Кенет артыма бұрылып қарасам, қызым көзіне жас алып отыр екен. Осы әсерлі сәтті зайыбым бейнежазбаға түсіріп алып, желіге жүктеген екен. Мен оны кейін білдім. Басында қатты мән бермеген болатынмын. Қаралым саны күн өткен сайын арта түсті. Қазір бұл бейнетүсірілімнің қаралымы 4 млн-ға жетті, – деді Төлеген.

Шұғыла Төлегенқызы 3-сынып оқушысы. Әкесі ән орындаған сәтте көзіне жас алған кішкентай ханшайымның бейнежазбадағы көрінісі көпшіліктің жүрегін елжіреткені анық.

– Мен үйдің тұңғышымын. Өзімнен кейін 4 інім бар. Әкемнің көлікте отырып, маған арнаған әні өте әсерлі шыққандықтан көңілім босап кетті. Өйткені, әннің мағынасын түсіндім, – деді Шұғыла.

Сондай-ақ оқыңыз

Өндірістегі озат арулар Ақордадан марапатпен оралды

Өндірістегі озат арулар Ақордадан марапатпен оралды

14.03.2025
Екі дүркін әлем чемпионы

Екі дүркін әлем чемпионы

08.03.2025

Қызына ән арнап, желі жұлдызы атанған Төлеген Лабақов өндірісте жүрсе де өнерімен көпті тәнті еткен азамат. Отбасындағы әкенің балаларына деген ыстық ықыласын бір бейнебаянмен жеткізген Төлеген: «Өсіп келе жатқан балаларым байлығым. Сондықтан мен олардың тәрбиесіне де, білім алуына  да ерекше мән беремін» – деп сөзін түйіндеді.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Бөлісу30Твитерге19
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Мемлекет тірегі – тәртіп

Мемлекет тірегі – тәртіп

30.05.2025
Балалардың денсаулығы – назарда

Балалардың денсаулығы – назарда

30.05.2025
Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

30.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру