Сейсенбі, 1 Шілде , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Жаза жеңілдетілді

24.01.2025
- Жаңалықтар
0
Жаза жеңілдетілді
73
БӨЛІСТІ
204
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Мемлекет басшысы есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтырулар заңына қол қойды. Бұл түзетулерге сәйкес, есірткі өндірушілер мен ұйымдастырушыларға жаза қатаңдатылып, ал есірткіні тасымалдаушыларға жаза жеңілдетілді. Жаңа заң 3 наурыз күні күшіне енеді.

Заңда есірткіні жасырын орналастырушылардың жазасы аздап жұмсартылды. Мәселен, алғаш рет мұндай қылмыс жасағаны үшін қылмысын ауырлататын мән-жайлар болмаса 5 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген. Бұрын 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыратын.

– «Закладчиктер» дейміз ғой, есірткі тығатындар. Олардың арасында алданып қалған, өздерінің білместігінен осындай қылмыстық істерге душар болған жас балалар бар. Бұл жеңілдетілген шара ең әуелі солардың қайтадан түзу жолға түсуіне үлкен мүмкіндік береді, – дейді Ұлытау облысы полиция департаменті есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ерлан Оспанов.

Сонымен қатар лауазымды тұлғалардың есірткі таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілігі қатаңдатылды. Олар бұрын 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылса, енді 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Заңда есірткінің және күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру мақсатында басқа да шаралар қабылданды.

– Прекурсорлар мен күшті әсер ететін заттардың, сондай-ақ есірткі, прекурсорлар, улы және күшті әсер ететін заттарды өндіруге пайдаланылатын заттардың, құралдар мен жабдықтардың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Бұрын әкімшілік жауапкершілікпен шектелетін, – дейді есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы.

Сондай-ақ оқыңыз

ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ЖЕЗҚАЗҒАНДАҒЫ СУ ЖҮЙЕСІН ТАЗАРТУ ҚҰРЫЛҒЫСЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖОБАСЫН ҚОСЫМША ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ

ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ЖЕЗҚАЗҒАНДАҒЫ СУ ЖҮЙЕСІН ТАЗАРТУ ҚҰРЫЛҒЫСЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖОБАСЫН ҚОСЫМША ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ

01.07.2025
Облыстық одақта – жаңа төраға

Облыстық одақта – жаңа төраға

27.06.2025

Жаплпы, Ұлытау облысының аумағында 2024 жылы есірткімен байланысты 82 қылмыс тіркелген, оның 31-і есірткіні сату болса, қалғандары есірткіні егіп өсіру, заңсыз жарнамалау, сақтау болып отыр. Қылмыстық айналымнан 511 келі әртүрлі есірткі заты алынған. Қылмыстық жауапкершілікке 67 адам тартылған.

Гүлім Маратқызы.

Бөлісу29Твитерге18
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Дулығалы мешіті

Дулығалы мешіті

27.01.2023
Шолпан шапағы

Шолпан шапағы

13.06.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ЖЕЗҚАЗҒАНДАҒЫ СУ ЖҮЙЕСІН ТАЗАРТУ ҚҰРЫЛҒЫСЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖОБАСЫН ҚОСЫМША ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ

ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ЖЕЗҚАЗҒАНДАҒЫ СУ ЖҮЙЕСІН ТАЗАРТУ ҚҰРЫЛҒЫСЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖОБАСЫН ҚОСЫМША ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ

01.07.2025
«Қазақмыс» ынтымақтастық: Үстел теннисі қарқын алды

«Қазақмыс» ынтымақтастық: Үстел теннисі қарқын алды

27.06.2025
Облыстық одақта – жаңа төраға

Облыстық одақта – жаңа төраға

27.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру