1978 жылы Ауғанстанда сәуір айында төңкеріс болып, оның арты аяқталмас соғысқа айналды. Бұл қасірет елдің өз ішінде ғана емес, оған сырт мемлекеттердің қатысуымен де ұзаққа созылды. Ауғандағы және оның айналасындағылардағы шиеленісті жағдайлардың өршуіне байланысты ауғандық жетекшілер тарапынан Кеңес Одағына өтініштер түсе бастады.
Мұндай өтініштер Кабулдағы кеңестік өкілдер КСРО-ның Ауғандағы төтенше және өкілетті елшісі А. М. Пузанов, лейтенант Л. Н. Горелов арқылы берілді. Ауғандық өкімет басшылары өз елінің ішіндегі жағдайы Кеңес Одағын тікелей қатыстыра отырып шешуге тырысты. 1979 жылы маусымда Орта Азия республикаларының түпкілікті ұлтынан жасақталған арнайы батальон құру жөнінде шешім қабылданды. Айрықша мақсаттағы батальон үшін әскер құрамы Түркістан және Орта Азия округтерінің, мұсылман ұлты өкілдерінен, әсіресе барлаушылар, атқыштар, танкішілер бөлімшелерінен таңдалып алынып, шығыстілінбілужәнеқайратты болу басты талап болды. Батальон тек қана жаңа техникамен және қаружарақпен жасақталынды. Ол арнайы екі топқа бөлінген бес ротадан тұрды. Батальон командирі болып өзбек ұлтының өкілі майор Хабид Тәжібайұлы Халбаев тағайындалды. Ол Ташкент маңындағы Шыршықта танкішілер училищесіне жақын жердегі әскери қалашыққа жайғасты. Жаз бойы әскер құрамы атыс тактикаларын игеруге және жалықпай денешынықтыру ісіне, қаружарақтың бәртүрінен ату, бетпе-бет айқасу, жүгіру, мина істерінмеңгеругедайындалды. Ауған жетекшілері Кабулдағы кеңестік өкілдер арқылы өз өтініштерін жеткізуді тоқтатпады, ал кеңестік өкілдер болса, ауған жетекшілерінің өтініштерін тізбектей жаза отырып, Мәскеугехабарлама беруден жалықпады. Ал, бұлай хабарлама жіберіп отыру, кеңес әскерлерінің 1979 жылдың 25 желтоқсанда Ауғанстанға енгеніне дейінгі күнделікті дағдысына айналды.
Сол жылдағы кеңестік сарапшылардың бағалауы бойынша, КСРО басшылары қорыта келе қандай революцияны қорғауға жиналғанын білмейтін, оған қоса өздері соңына дейін шеше алмаған қиын қадамға тап болды. Мұсылмандық батальон 10-12 қарашада Ташкент, Шыршық әуежайынан ұшырылып Ауғанстандағы Баграм авиа базасына түсірілді. Барлық офицерлер мен солдаттарға ауғандық әскери киімдер кигізді.
1979 жылы 10 желтоқсанда КСРО Қорғаныс министрі Устинов Бас штаб бастығы Огарковты өзіне шақыртып алып, оған саяси бюро Ауғанстанға кеңес әскерлерін енгізу үшін алдын ала шешім қабылдағанын айтып, 75-80 мың адамды дайындауға тапсырма берді. Соңғы шешім 16 желтоқсан күні сағат 12-де шағын ғана кеңес басшыларының тобымен шешілді.
16 желтоқсанда 40-армия құрылып, оның басшылығына генерал-лейтенант Тухариновты тағайындады. 40-армияның далалық басқармасын толық жауынгерлік әзірлікке келтіріп, Түркістан әскери округінен атқыштар және танкішілер полкін және тағы бір дивизияны толық соғыс қимылына тағайындау тапсырылды.
Барлық 100-ге жуық бірлестіктер ұрысқа бағытталды. Әскерді жасақтау үшін резервтен 50 мыңаға офицер, сержант шақырылды. Ауылшаруашылығынан 8 мыңғажуық автомобиль мен басқа техника бөлінді. 24 желтоқсан күні бірінші жазбаша құжат пайда болды. Оған КСРО Қорғаныс министрі Қ. М. Устинов, бас штаб бастығы Огарковтың қол қойды. Онда «Орталық Шығыстағы әскери-саяси жағдайға байланысты Ауған үкіметінің соңғы өтініші дұрыс деп танылды. Кеңес әскерлерін енгізу, оларды елдің оңтүстігіне орналастыру, Ауған демократиялық республикасына достық ниетте, ауған халқына интернационалдық көмек көрсету мақсатында, сонымен қатар, кейбір мемлекеттер тарапынан антиауғандық акцияларды жоя отырып, оларға қайырымды жағдай жасау үшін шешім қабылданды», – деп айтылды.
1979 жылы 25 желтоқсанда Мәскеу уақыты бойынша сағат 15-00-де КСРО қорғаныс министрінің бұйрығымен Ауғанстанға Кеңес әскерін енгізу басталды. Командирлер «бұл қысқа мерзімдік акция, тапсырманы орындаймыз да кетеміз» деді. Ал бірақ тағы үш жылдан астам уақытқа созылатынын олар білмеді. Кеңес әскерінің Ауғанстанға енгізілгені Кеңес басшыларының өрескел қатесі болды. Бұл әрекет дүниежүзінде Кеңес Одағына деген теріс көзқарас қалыптастырып, қырғи-қабақ соғыстың жаңа толқынын туғызды.
Ресми деректер бойынша бұл соғыста 15 мыңнан астам Кеңес солдаты мен офицері қаза тапты, 35 мың адам жараланды. Кеңес әскерінің соғыс әрекеттері КСРО-ға 5 млрд сом шығын әкелді. Ауған соғысының ел басына әкелген қайғы-қасіретінде шек жоқ.
1979 жылы 25 желтоқсанда басталып,110 айға созылған соғысқа Қазақстаннан 21979 адам қатысты. Оның 780-і соғыста құрбан болды, 22-сі із-түссіз жоғалды. Қаза тапқандар түгелімен дерлік Қазақстанға әкелініп жерленді. Отан үшін отқа түскен боздақтардың өздері жоқ болса да, рухтары қасымызда, мәңгі бірге! Ұмытпайықерлерді!
Бекзат Еламанова,
ПжТҚҰБ аға инспекторы, полиция капитаны.