Сейсенбі, 8 Қыркүйек , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Бағдар

Жас ұлан әскерде шынығады

02.06.2023
- Бағдар
0
Жас ұлан әскерде шынығады
100
БӨЛІСТІ
277
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Өз басым   әскер қатарында болуды ер азаматтың басты борышы деп есептеймін. Кәмелеттік жасқа толған әр ұланымыз Отан алдындағы борышын адал атқаруы тиіс.

Әскер деген –  ол үлкен өмір мектебі.Сені шыңдайды, қайрайды, Төзімділікке, шыдамдылыққа  тәрбиелейді. Еркіндікте жүріп ескерілмейтін көп шаруаның қадіріне жетесің.(Мұны өзім Кеңес әскері қатарында екі жыл болып келген ардагер сарбаз ретінде айтып отырмын)

Қазір заман басқа,  қоғам басқа. Тәуба, Тәуелсіз көк байрақты егемен елміз. Әскерде болу мерзімі  – бір жыл ғана және әскери борышыңды өз еліңде, өз жеріңде атқарасың. Солай бола тұра, бүгін осы бір азаматтық борыштан қашып-пысып, барғысы келмей жүрген балаларымыз көбейе түсуде. Себебін түсінбедім…

Өткенде, Ұлттық арнада  осы тақырыпта өткен Ашық алаңды тыңдадым. Қатысушының бірі  Ауған соғысы ардагерінің сөзі маған ұнап қалды. Ол: «Қазір әскерді бала бақша ғып жібердік, әскер қатарына балаларды жалынып-жалпайып шақырамыз. Аптасына 2–3 рет бейнебаян арқылы ата-анасымен сөйлестіреміз. Ішетін асын, жататын орын көрсетеміз» деді. Біздің тұсымызда бұлай емес еді. Ол қамқорлықтың сыртында, қазіргі әскери коммисарят «әскерге барсаңдар, тегін жоғарғы оқу орнына түсіреміз» деп те қызықтырады екен. Қызық!

Әскерде  әскери тәртіп болу керек. Дайындық орта мектептен басталуы шарт. Қазір мектептерде   де оқушылар көп қол еңбектерінен (еден жуу, кезекшілікке тұру, сенбілікке шығу) босатылған. Ертең сол ер балалар әскерге барғанда, өз киімдерін (жағаларын,) өздері тігіп, аяқ киімдерін тазалықта ұстап, казармаларын өздері жумай ма?!

Балалардың  әскерден бой тасалауына аракідік теледидардан көрсетілетін әлімжеттік те  әсер етуі мүмкін. Ол   – әскердің жазылмаған заңы. Солдаттар өздері бірін-бірі тәрбиелейді емес пе?! Бұл жерде басында айтқан сол төзімділік керек сияқты. Өсіп келе жатқан жас буын әскерге бару – ұланға міндет екенін ұғынса деймін. Ең бастысы–  Отанымыз тыныш болсын, ағайын!

Мұқаш Сейтқазинов,

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері.

 

Бөлісу40Твитерге25

Көп қаралған

  • Аймақ басшысы Ұлытау ауданындағы аурухана құрылысының барысын тексерді

    Аймақ басшысы Ұлытау ауданындағы аурухана құрылысының барысын тексерді

    69 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 17
  • Заң мен тәртіп – тұрақты қоғамның негізі

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – ортақ міндет

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Противодействие коррупции — общая задача

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Газетіме сәлем жолдаймын

    107 бөлісті
    Бөлісу 43 Твитерге 27
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру