Заман ілгері дамыған сайын түрлі мамандық пен кәсіптің «көзін» тауып, өзіне және қоғамға пайда тигізіп отырғандар бар. Десе де бүгінгі күні қолында дипломы бар кейбір жастардың «жұмыс жоқ» деп сылтауратып, масылдыққа еті үйреніп жатқаны қоғам үшін қауіпті жайт. Еңбектенем, дамимын деген мына жаңа ғасырда мүмкіндік көп. Сонда не кедергі? Жастарда шын мәніде жұмыс жоқ па, әлде құлық жоқ па?
Біз бұл сауалды жастардың өзіне бағыттап көрген болатынбыз. Сәтбаев қаласындағы «Қазақмыс» корпорациясына қажетті мамандар даярлайтын техникалық колледждің биылғы жас түлектері еңбек етіп, алға ұмтылуды көздейтін жалынды жастар екендіктерін аңғартты.
Жанасыл КҮЗЕМБАЙ, пайдалы қазбаларды жер асты өңдеу мамандығы бойынша колледждің биылғы түлегі:
– Аталмыш колледжге 2019 жылы Сәтбаев қаласындағы Абай атындағы №4 мектеп-лицейді тәмамдап оқуға түстім. Менің тау-кен саласы мамандығын игеруге деген құлшынысым мектеп қабырғасында қалыптасты. Сол себепті көп ойланбастан осы мамандықты игеруге шешім қабылдадым. Жалпы, кен өндіру ісі қауіп-қатерге толы сала болса да нар тәуекел дедім. Осы төртжылішінде тау-кен саласының алғашқы әліппесін меңгердім. Теория мен іс-тәжірибені ұштастыру негізінде болашақта алған білімімді жұмыс үдерісінде қолданамын. Бұл колледждің тиімді тұсы – өз түлектерін жұмысқа орналастырып, екі қолға бір күрек тауып беруге қауқарлылығында. Біздің топта биыл 25 жас түлек әр қияға қанат қақпақ. Әрқайсымыз өз мамандығымыз бойынша еңбек етіп, қоғамға пайдамызды тигізуді көздейміз.
Қазіргі таңда замандастарымыздың арасында «жұмысым жоқ» деген желеудің де көбейгенін естіп жүрміз. Алайда, құлшынысы бар адамға еңбек етіп, адал жолмен наны табуға ештең екедергі болмасы анық.
Жібек МОЛДААНУАР, болашақ маркшейдер:
– Мен де биылғы жылдың түлегімін. Игерген мамандығым – маркшейдерлік ісі. Бұл мамандық тау-кен саласында аса қажет. Сондықтан Жезді кентіндегі мектептің қабырғасынан түлеп ұшқан бетте осы мамандыққа түстім. Маркшейдерлік іс – кеншілерге жол көрсетіп, қай жерде қандай қазба байлықтың көзін бағыттаушы.
Бұл мамандықты таңдау арқылы бұл салада жауапкершілікті басты орынға қоюды үйрендім. Шахталарда болып, іс-тәжірибеден өттім. Бұл колледж қабырғасынан шыққан түлектер бүгінде алып өндірістерде еңбек етіп жатыр. Бізге сол аға-апаларымыздың жолы үлгі. Ал, масылдыққа бой алдырған замандастарымыз қоғам үшін пайдалы іс жасап, өзін де табысқа жетелеуі керек. Қазіргі заман әрекет еткенді алға сүйреп, қамқарекеті жоқты артта қалдыратын қиын шақ. Сондықтанеңбеккедегенқұлшынысбасымболуыкерек.
Ботакөз ӘКІМ, болашақ пайдалы қазбаларды байытушы:
– Қаламыздағы №7 орта мектептен 9-сыныпты аяқтард аөзіме «Қандай мамандықты игеруім керек?» деген сауал қойдым. Әртүрлі мамандықтың ойға келгенімен, таңдауым кен байытушыға түсті. Алысқа ат арытпай, бірден осы технологиялық колледжді таңдадым. Отбасымда да кен өндіру, өңдеу салаларында да еңбек етіп жүрген жандар бар. Бір жағы солардың да жолын үлгі тұттым.
Алған мамандығым бойынша жұмысқа орналасып, отбасымның табысына үлес қосам деймін. «Талпынған жетер мұратқа» демекші, таудай ынтамыз барда біз – жалынды жастар масылдықтың ауылынан алшақ боламыз.
Қазбек ҚАМИЕВ, тау-кен, электр-механикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету тобының түлегі:
– Жалынды жастарға сенген Мағжан Жұмабаевтың сенімін ақтар ХХІ ғасырдың жастары әр салада жетістікке жетуге ұмтылады. Мен де өз мамандығы бойынша қоғамға бір кірпіш болып қалануды көздеп, осы колледжге электрик мамандығын игеруге оқуға түстім. №19 орта мектептен кейін аталмыш білім ошағында жер асты техникалары мен жабдықтарына қызмет көрсетудің жолдарын меңгердім. Ұстаздарымның үмітін ақтап, адал еңбек ету басты парызым. Дамыған қоғамның іргетасын қалауда жастар арасында еңбекке деген құлшыныс бәрінен биік болуы керек.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.