Дүйсенбі, 16 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Жас өлкетанушылар форумы

16.05.2025
- Жаңалықтар
0
Жас өлкетанушылар форумы
67
БӨЛІСТІ
185
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Ұлытау облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен және облыстық тарихи-археологиялық музейінің ұйымдастыруымен «Туған өлке тарихының шырақшысы» атты өлкетанушы Сүтемген Бүкіров атындағы Жас өлкетанушылардың І форумы болып өтті. Форумға «Жас өлкетанушы» ата-ғына үміткер оқушылармен қатар зиялы қауым өкілдері, өңір өлкетанушылары мен тарихшылары, жас өлкетанушылардың жетекші ұстаздары қатысты.

Ұлытау – Жезқазған өңірінің тарихи қазынасын тірнектеп жинақтап, өшпес шежіреге айналдырған Сүтемген Бүкіров – есімі елімізге кеңінен мәшһүр өлкетанушы. Көзі тірісінде республикалық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамының мүшесі және президиум мүшесі болды. Ол Жезқазғандағы музей ісінің негізін қалаушы, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Жезқазған қаласының Құрметті азаматы. Сүтемген Бүкіров атындағы форумның мақсаты – өлкетанушының атқарған еңбектерімен осы салаға қызыққан жастарды жан-жақты таныстыра отырып, өлке тарихына қатысты мұраларын насихаттау. Музейдің конференц-залында ұйымдастырылған көрме материалдары да тартымды әрі мазмұнды болуымен көз тартады. Онда Сүтекеңнің өмір жолдары мен атқарған игілікті істері қамтылып, жұртшылық назарына ұсынылды.

Іс-шараның ашылу рәсімінде облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының мәдениет және өнер бөлімінің басшысы Данагүл Алшынбаева, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағындық Қожамсейітов, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Ұлытау ауданының Құрметті азаматы Батырбек Мырзабеков, «Ұлытау» телекомпаниясының креативті директоры Базаркүл Үмбетова өлкетанушының мәдени және тарихи ескерткіштерге қатысты деректер жинақтап, археологтармен, белгілі ғалымдармен бірлесіп атқарған ұшан-теңіз еңбектерін еске алды, осы бағыттағы жобалар бойынша ізденіс танытуға бет бұрған жас жеткіншектерге сәттілік тіледі. Сүтемген Тақабайұлының қызы Гүлнаш әкесінің құрметіне ұйымдастырылып отырған іс-шараға ризашылығын білдіріп, музей ұжымына «Қазақстанның Алтын кітабы» энциклопедиясын сыйға тартты.

Форумға қатысуға жалпы білім беру мектептерінен 26 үміткер оқушы өтініш білдіріп, жобаға қатысты мақалаларын жіберген екен. Жас өлкетанушы болуға үміткерлердің туған өлкеге деген көзқарастары мен шығармашылық қабілеттерінің шыңдалуына, өз ойларын терең жеткізе білу ерекшеліктеріне, алғырлығы мен ізденімпаздығына, жан-жақтылығына барынша мән берілді. Ережеге сай форумға қатысушы әр жас өлкетанушы ұсынған еңбектерін 5 минутта қорғап, одан соң сұрақтарға жауап беруге тиіс болды. Сынаққа түскен жобаларды техника ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның Құрметті металлургі Төлеген Бүкіров жетекшілік жасаған қазылар алқасы талдап, бағалады. Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалаларынан, Жаңаарқа ауданынан және Жәйрем, Жезді кенттерінен қатысып, өлкетану бағытына талаптанушылардың мақалаларын музей ұжымы «Туған өлке тарихының шырақшысы» деген атаумен жинақ етіп бастырып, форумға қатысушыларға сыйға тартты.

Қазылар алқасының шешімімен бірінші орынды Сәтбаев қаласының № 7 ЖББМ-нің жас өлкетанушысы Д. Жұмамұрат, екінші орынды Жезқазған қаласының № 133 ЖББМ-нің оқушысы Ж. Тоқсейітова, үшінші жүлделі орынды Жезқазған қаласы № 22 ЖББМ-нің жас өлкетанушысы А. Лаврентьев еншіледі. Бір топ үміткер «Жас талап» номинациясына ие болса, тағы біраз жастар «Жас зерттеуші» номинациясына лайық болды. Жүлдегерлер мен марапатқа ие болғандардың барлығына ақшалай сыйлық табысталды. Марапаттау рәсімінде қатысушылар «Жас өлкетанушылар» қатарына қабылданды.

Сондай-ақ оқыңыз

«Қазақмыстықтар» «Алтын Гефест – 2025» байқауында жоғары марапатқа ие болды

«Қазақмыстықтар» «Алтын Гефест – 2025» байқауында жоғары марапатқа ие болды

13.06.2025
AMM 2025: «Қазақмыстың» негізгі бағыттары мен бастамалары

AMM 2025: «Қазақмыстың» негізгі бағыттары мен бастамалары

13.06.2025

Форум соңында жас өлкетанушыларға «Туған өлкемнің туристік маршруттары» бағдарламасы аясында Теректі әулие кешеніне тарихи-танымдық экскурсия ұйымдастырылды.

Амандық РАХҰЛЫ.

Бөлісу27Твитерге17
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
«Комсомол»  колхозы

«Комсомол» колхозы

28.03.2025
«Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз»

«Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз»

05.07.2024
«Қазақмыстықтар» «Алтын Гефест – 2025» байқауында жоғары марапатқа ие болды

«Қазақмыстықтар» «Алтын Гефест – 2025» байқауында жоғары марапатқа ие болды

13.06.2025
AMM 2025: «Қазақмыстың» негізгі бағыттары мен бастамалары

AMM 2025: «Қазақмыстың» негізгі бағыттары мен бастамалары

13.06.2025
Еңбек қауіпсіздігі – басты назарда

Еңбек қауіпсіздігі – басты назарда

13.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру