Биылғы 23-28 шілде аралығында Ақмола облысының Бурабай курорттық аймағының «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында жас геологтардың VI қазақстандық ашық далалық олимпиадасы өтті.
Іс-шараны «Жас геолог» корпоративтік қоры және «Kazakhmys Barlau» ЖШС ұйымдастырды. Олимпиадаға Қазақстанның барлық өңірлерінен және ТМД елдерінен (РФ, Өзбекстан, Беларусь) 150-ден астам бала (9-11 сынып оқушылары) қатысты.
Олимпиада жастарды кәсіптік бағдарлауға, оқушылардың геологиялық ғылымдарға деген қызығушылығын арттыруға, геологияны ғылым және оның қолданбалы мәні ретінде танымал етуге, дарынды балаларды анықтауға және қолдауға, мектеп оқушыларының назарын Геоэкология және жер қойнауын қорғау проблемаларына аударуға, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке және өз Отанына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуге бағытталған.
Жарыстың төрешілері Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің жетекші профессорлық-оқытушылық құрамы болды. Техникалық университеттің профессорлары, Семей қаласының геологиялық барлау колледжінің оқытушылары, «Kazakhmys Barlau» ЖШС, «Qazaq Geophysics» ЖШС және ERG компаниясының тәжірибелі қызметкерлері қатысты.
Жас геологтардың VI қазақстандық ашық далалық олимпиадасының жеке сынағында жеңімпаздарға геологиялық мамандықтар бойынша Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетіне гранттар берілді.
Аталған іс-шараны ұйымдастыру республиканың тау-кен металлургия кешені кәсіпорындарының демеушілігі есебінен жүзеге асырылды.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.