Сейсенбі, 3 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет «Қазақмыс» «Қазақмыс»: қолдау

Жас геологтар бәйгесі мәреге жетті

21.07.2023
- «Қазақмыс»: қолдау
0
Жас геологтар бәйгесі мәреге жетті
116
БӨЛІСТІ
323
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Геология – өміршең ғылымның бір тармағы. Жер қойнауын бүге-шүгесіне дейін зерттеп, су көзін, пайдалы қазбасы бар кен орындарын ашу ізденісті, қырағылықты талап ететін сала. Қазақ геологиясының атасы саналатын Қаныш Сәтбаевтың ізін басқан ғалымдардың легін бүгінгі жас буын жалғастыруы заңдылық.

Осы негізде «Қазақмыс» корпорациясы геологияны ілгерілету мен дамытудың арнайы бағдарламаларын әзірлеп, салаға серпін беріп қана қоймай, болашақта геологияны білікті һәм заманауи көзқарастағы жастармен қамтуға баса мән беріп отыр.

Республика көлемінде жас геологтардың олимпиадасын ұйымдастыру соның жарқын дәлелі. 13 шілдеде Алматы облысы Қонаев қаласындағы «Балдаурен» оқу-сауықтыру орталығында бастауын алған жас геологтардың бірінші республикалық дала олимпиадасы осы салаға қызығатын жастардың басын біріктірді.

Шараның ұйымдастырушылары – «KazakhmysBarlau» ЖШС және «Жас геолог» Корпоративтікқоры. Сондай-ақ, жобаға ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің геология комитеті, Алматы облысының әкімдігі, Қазақмыс» корпорациясы, «ERG» ЖШС және «Kazzinc» ЖШС қолдау көрсетті.

Сондай-ақ оқыңыз

Қауіпсіздікке қалқан болғандар

Қауіпсіздікке қалқан болғандар

29.11.2024
Академик есімі қайта оралды

Академик есімі қайта оралды

22.11.2024

Олимпиадаға Қазақстаның түпкір-түпкірінен 9-11-сынып оқушыларынан құралған 200-дей бала қатысты. Олар палеонтология, гидрология, радиометрия, минералогия және петрография, геологиялық бағыт, шлих сынамасы, қауіпсіздік техникалары және дала аялдамасын ұйымдастыру сынды геологияның түрлі пәндері бойынша білімдерін сынады. Астана, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Шахтинск, Қостанай, Көкшетау, Ақтау, Орал, Шымкент, Қызылорда, Рудный, Сәтбаев, Талдықорған, Өскемен қалаларынан және Индер ауданынан (Атырау облысы) 16 команда қатысты.

Бірінші республикалық дала олимпиадасының нәтижесінде бірінші орынды Орал қаласының «Сармат» командасы жеңіп алса, екінші орынды Қостанай қаласының намысын қорғаған «Геобайт» командасы еншіледі. Ал, үшінші орынның тұғырынан Қарағанды қаласының «Сарыарқа» командасы көрінді.

Білім сайысының жабылу салтанатына «Жас геолог» Корпоративтік қорының Төрағасы Ғалым Нұржанов, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі геология комитетінің Төрағасы Ерлан Ақбаров, геология-минералогия ғылымдарының докторы Балтабек Қуандыков, «ERG Exploration» ЖШС Бас директоры Азамат Шалабаев және «Жас геолог» корпоративті қорының директоры Жанат Исмаилова қатысып, оқушылар мен шараға атсалысқан барлық мамандарды құтттықтап, алғыстарын білдірді.  Ал жарыстың төрешілері ретінде Satbayev University жетекші профессорлық-оқытушылық құрамы, Қазақстан-Британтехникалықуниверситетінің, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің оқытушылары және «QazaqGeophysics» пен ERG корпорацияларының тәжірибелі қызметкерлері төрешілік етті.  Олимпиаданың жекелей сындары бойынша жеңімпаздарына Satbayev University (Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті), ҚБТУ (Қазахстан-Британтехникалық университеті) және Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің геологиялық мамандықтарына 9 грант бөлінді. Атап айтқанда, Satbayev University грантын Астана қаласының намысын қорғаған «Альтаир» командасының мүшесі Фариза Рамазанова, Қостанайдан келген «Геобайт» командасынан Данил Малянин, Дмитрий Юстус жеңіп алды.

ҚБТУ грантына Астананың «Альтаир» командасынан Анар Айтбай мен Аян Оспан, Қарағандының «Сарыарқа» командасынан Диас Аманжол лайық деп танылды.

Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнайжәне газ университетінен  грант ұтып алғандар қатарында Атырау облысының «Индерборит» командасынан Ерболат Талғатұлы мен Мақсат Гайдар және Жұбанышбек Кенжеғали бар. Аталған жоғары оқу орындарының ректорлары мен өкілдері гранттарды табыстады.

Ғылымға талпынған жастарға жалын берген бұл білім бәйгесі жас геологтардың қалыптасуына ықпал етіп, саланың заманауи бағытта дамитынына кепілдік береді. Далалық олимпиада жыл сайын өткізіліп тұратын білімділер жарысы болмақ.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Бөлісу46Твитерге29
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Мемлекет тірегі – тәртіп

Мемлекет тірегі – тәртіп

30.05.2025
Балалардың денсаулығы – назарда

Балалардың денсаулығы – назарда

30.05.2025
Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

30.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру