Сәрсенбі, 9 Шілде , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Бәрекелді!

Жас боксшылар жеңісі

01.04.2022
- Бәрекелді!
0
Жас боксшылар жеңісі
80
БӨЛІСТІ
222
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Түсті металлургияның қарашаңырағы ретінде қастерлейтін Қарсақбай қалашығы өндірісте ғана емес өнер мен спортта да аты шыққан дарабоздарды дүниеге әкелген қасиетті мекен.

Спорттық додаларда бағы жанып, республикалық, халықаралық жарыстарда топ жарған азаматтар бұл өлкеде де баршылық.  Соңғы жылдары елімізде бұқаралық спортқа қалыптасқан оң көзқарастың нәтижесінде ауылдар мен шағын қалашықтарда да спорт үйірмелерінің жұмысы жанданды. Міне, мұндай игі шаралар Қарсақбай кентінде де жүзеге асып келеді.

Қалашықтағы спортқа құмар жастар мен жасөспірімдерді боксқа баулып жүрген СерікМәшіріптің салауатты өмір салтын насихаттаудағы еңбегі ұшан-теңіз. Серік Қапанұлы денешынықтыру пәнінен сабақ бере жүріп, бүгінде республикалық деңгейде өнер көрсетуге қабілетті жастарды баптауда. Оның шәкірттері жақындаНұр-Сұлтан, Алматы қалаларында өткен республикалық жарыста топ жарды. Жасөспірімдер арасында өткен бәсекеде СерікҚапанұлы тәрбиелеген жас боксшылар жүлдемен оралды. Бұған дейін де бокстан спорт шеберлігіне үміткерлерді баптаған Серік Мәшіріп ендігі үмітті жас буыннан күтетіндігін алға тартады.

– Бапкер ретінде 2008 жылдан бері балаларды боксқа баули бастадым. 7-8 жастағы балалар өз ынталарымен келеді.  Осы 14 жыл ішінде шәкірттерімнің сенімді ақтамағандары болмады. Қазіргі таңда боксты серік етіп жүрген жасөспірімдерден Бекнұр Берік, Батырлан Базылхан, Асқар Жомартұлы, Мұхамедәли Тілеуберген, Темірлан Базылхан, Нұрбол Жұмағали сынды шәкірттерім өз салмақ дәрежелерінде намысты қолдан бермей жүр, – дейді Серік Қапанұлы.

Серік Қапанұлы осыған дейін кенттегі агротехникалық колледж бен №15 тірек мектебінің спорт залында балаларды жаттықтырып келсе, енді шәкірттерін жақында ашылған «Қарсақбай» спорт кешенінде шынықтыруда. Кентте ашылған бұл кешен жас спортшылар үшін зор қуаныш болды. Ендігі жерде бұл спорт кешенінен әлем чемпионы шығатынына сенім мол.

Сондай-ақ оқыңыз

Өндірістегі озат арулар Ақордадан марапатпен оралды

Өндірістегі озат арулар Ақордадан марапатпен оралды

14.03.2025
Екі дүркін әлем чемпионы

Екі дүркін әлем чемпионы

08.03.2025

Бағдат АЙТӨРЕҰЛЫ.

Бөлісу32Твитерге20
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Дулығалы мешіті

Дулығалы мешіті

27.01.2023
Шолпан шапағы

Шолпан шапағы

13.06.2025
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
Журналистерге құрмет үш күнге ұласты

Журналистерге құрмет үш күнге ұласты

04.07.2025
Автоматтандырылған жүйенің жағдайымен танысты

Автоматтандырылған жүйенің жағдайымен танысты

04.07.2025
Қаржы вице-министрі: «Әрбір жоба халық игілігіне қызмет етуі керек»

Қаржы вице-министрі: «Әрбір жоба халық игілігіне қызмет етуі керек»

04.07.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру