Сәрсенбі, 21 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Мереке айшықтары

Жарыс жолында – 500 адам

13.09.2024
- Мереке айшықтары
0
Жарыс жолында – 500 адам
75
БӨЛІСТІ
207
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Қала күні – тұрғындарды біріктіретін ерекше мейрам! Ол салтанатты жиынмен қоса түрлі мәдени, спорттық іс-шаралардың басын қосты сол күні. Атап айтқанда, Жезқазған қаласы күніне орай дәстүрлі CUPRUM RUN-2024 марафоны өтті. «Алаш» алаңында бастауын алған спорттық шараға қатысушыларды ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерболат Сатыбалдин арнайы құттықтады.

– Сүйікті қаламыз Жезқазғанның 70 жылдығы құтты болсын! Мен жарыс ұйымдастырушыларына алғыс айтқым келеді. Себебі, бұқаралық спортты дамыту – мемлекет дамуының бір саласы! Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін! – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерболат Сатыбалдин.

Марафон 5 және 10 шақырым қашықтықтар бойынша өткізілді. Айта кету керек, «Қазақмыс Смэлтинг» пен жергілікті әкімдіктің бірлесе қолға алған спорттық шаралары дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.

– Бұл жарысты біз жыл сайын өткіземіз. Мұндағы «Қазақмыс Смэлтингтің» басты мақсаты – сүйікті қаламызда бұқаралық спортты дамыту. Тұрғындарға бұқаралық спортты насихаттау. Бұйыртса, келесі жылы да өткіземіз, – деді «Kazakhmys Smelting» ЖШС Бас директоры Жәнібек Байғабелов.

Сондай-ақ оқыңыз

Сәтбаевта Наурыз кеңінен тойланды

Сәтбаевта Наурыз кеңінен тойланды

28.03.2025
Ұлытаулықтар Ұлыстың ұлы күнін сән-салтанатпен атап өтті

Ұлытаулықтар Ұлыстың ұлы күнін сән-салтанатпен атап өтті

28.03.2025

Маңызы зор марафон алдында барлық қатысушылар қаз-қатар тізіліп дене қыздыру жаттығуларын жасады да, Алашахан даңғылы бойынан жарысты бастады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыс деңгейі жыл сайын көтеріліп келеді. Мәселен, марафонға биыл 500-ге жуық адам қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша жас санаттарымен жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен ақшалай сыйақылар табыс етілді.

– Мен марафон жарыстарына әрдайым қатысып тұрамын. Жезқазғанның 70 жылдығы құтты болсын, қаламыз жайнай берсін! Спорт саласы дами берсін! Жетістігім – туған қалама! – деді жарыс жеңімпазының бірі Асылмұрат Бірімжанов.

Айта кетейік, аталған додада мүмкіндігі шектеулі жандар да назардан тыс қалмады. Марафонның барлық қатысушылары естелік медаль мен арнайы спорттық жейделерге ие болды.

Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.

Бөлісу30Твитерге19
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

20.05.2025
Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

16.05.2025
Кеңгірге газ келеді

Кеңгірге газ келеді

16.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру