Сейсенбі, 11 Тамыз , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Бәрекелді!

Жаңғырған жаңа ғимарат – жанға жайлы

03.02.2023
- Бәрекелді!
0
Жаңғырған жаңа ғимарат – жанға жайлы
86
БӨЛІСТІ
238
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Шахта құрылысын салып, кеншілерге жол ашып жүрген Ғ. Омаров атындағы шахтапроходкалау тресі өткен жылдың орта тұсында Жезқазған қаласынан Сәтбаев қаласына қоныс аударды. Ұжымға жайлы ғимарат тауып, орналасу оңай болған жоқ.

Трестің директоры Қайрат Керімқұлов ұжымды дап-дайын, заманға сай ғимаратқа жайғастыруды ойлаған. Алайда, ондай сәулетт іғимарат кездеспеді. Қараусыз қалған «ПАТП» кәсіпорнының ғимаратын қайта қалыпқа келтіруден басқа амал болмады. Аңғал-саңғал күйдегі ғимараттың сол кездегі жағдайымен қазіргі келбетінде жер мен көктей айырмашылық бар. Бұл ғимаратты қайта қалпына келтіруге ұжымның әрбір қызметкері күш салды. ҚайратҰзақұлының басшылығымен телімдердің кабинеттері жаңаша үлгіде жасақталды. Әкімшілік ғимарат пен әрбір телімнің сыртқы есіктерін трестің өз еңбеккерлері жасап шықты. Бір сөзбен айтқанда, жаңа ғимарат трест ұжымының өз күшімен жанға жайлы жұмыс орнына айналды.

Айтуға оңай осы істі жүзеге асыру барысында еңбек пен шығармашылыққа ынталандыруға күш салынды. Мәселен, телім кабинеттерін талапқа сай жаңғырту бойынша байқау жарияланды. Соның нәтижесінде телімдердің басшылары мен әрбір жұмысшысы өз жұмыс орындарын ерекше дизайнмен әспеттеп шықты. Үздік шыққан телімдерді «КәсіпҚорған» кәсіподағы мен «JastarBolashaq» Жастар одағы марапаттады. Бұл қатарда «Еңбек» кәсіподағы да болды.

Үздік шыққандарды трест директоры Қайрат Керімқұлов марапаттап, ғимаратты жаңғырту жұмысына белсене атсалысқандарға алғысын білдірді. Байқау нәтижесінде бірінші орынды №17 мехономонтаж телімі жеңіп алса, екінші орынды №1 электрмонтаж телімі еншіледі. Құрылысшылар телімінің үлесіне үшінші орын тиді.

Жалпы, трест ғимаратындағы күрделі жөндеу жұмыстары әлі де жалғасуда. Болашақта ол асханасы, спорт залы бар үлкен кешенге айналмақ. Трест басшылығы мен еңбек ұжымының қажырлы да ынталы еңбегінің арқасында бұған да қолжеткізетін қуанышты күннің туатыны анық.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Бөлісу34Твитерге22

Көп қаралған

  • Қазақстан цифрландырудың жаңа деңгейіне қадам басуда

    Қазақстан цифрландырудың жаңа деңгейіне қадам басуда

    69 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 17
  • ЕСЕТ БАЙКЕН ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ МЕН АУЫЛДЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ ЖАЙ-КҮЙІН БАҚЫЛАДЫ

    70 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 18
  • День Абая

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • 🧹 ҚОҚЫС СІЗДІКІ БОЛМАСА ДА, ТАЗАЛЫҚ — СІЗДІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІҢІЗ!

    69 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 17
  • 🧹 МУСОР МОЖЕТ БЫТЬ НЕ ВАШИМ, НО ЧИСТОТА — ВАША ОТВЕТСТВЕННОСТЬ!

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру