Жұма, 13 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Әлеумет

Жаңаарқада жаңа консерві цехы ашылмақ

08.12.2023
- Әлеумет
0
Жаңаарқада жаңа консерві цехы ашылмақ
79
БӨЛІСТІ
220
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Аймақ басшысы Берік Әбдіғалиұлы Жаңаарқа ауданына барған жұмыс сапарында құрылысы жүріп жатқан консерві цехының құрылыс аумағын аралап,  жұмыстарын бақылады. Бұдан бөлек өңір басшысы аудандағы «Мейір» емханасының күрделі жөндеу жұмыстары мен Жаңаарқа станциясындағы теміржол арқылы жер үсті жаяу жүргіншілер өткелі құрылысын көрді.

Жаңаарқа ауданының Ақтайлақ елді мекенінде жобалық қуаты ауысымына 3000 банка консерві немесе жылына 230 тонна ет өнімдерін өндіретін консерві цехі ашылмақ. Консерві шығаратын ет комбинатыныӊ цехі осы жылы 1-кезеңі, 2024 жылы 2-кезеңі іске қосылады деп жоспарланған. Цех ашылған жағдайда 24 жаңа жұмыс орыны ашылып, өӊірде консервіленген етке  деген қажеттілікті толық қамтамасыз етеді.

Жоба басшысы – «ULY DALA» ЖШС. Жобаның құны – 1 417,3 млн. теңге. Оның ішінде мердігер өз қаражатынан 591 млн. теңге салса, «Агробизнес» бағдарламасы арқылы 673 млн. теңге несие алған. Жоба директоры Қуаныш Есқан ет өнімдерін өңірге ғана емес, шетелге экспорттауды жоспарлап отырғанын айтты. Цех жұмысында ет көлемін толықтыру үшін ауданда мал басы аз. Облыс әкімі ол үшін аудандағы шаруа қожалық иелеріне «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы мал санын көбейтуге болатынын жеткізді. Сұраныс болған уақытта Жаңаарқа етін шетелдерге  экспорттау қолға алынады.

Өңір басшысы барған келесі нысан – Жаңаарқа станциясындағы темір жол арқылы жер үсті жаяу жүргіншілер өткелі. Мамыр айынан басталған құрылыс жұмыстары 2024 жылы аяқталады деп күтілуде. Тамыз айында облыс әкімі жұмыс барысымен қадағалап өткен болатын. Сол уақыттан бері құрылыс басында нақты жұмыстар аяқталмаған. Оның себебі қаражаттың жетпеуінен дейді мердігер. Жұмыстарды «Бест Строй Груп инженеринг» ЖШС жүргізуде. Өңір басшысы ұсынылатын қаражатты қарастырып, жұмыстардың аяқталуын жеделдетуді тапсырды.

Сондай-ақ оқыңыз

Бу-га  құрылғысы салынады

Бу-га құрылғысы салынады

14.03.2025
Ұлытау облысында – жаңа әкім

Ұлытау облысында – жаңа әкім

11.10.2024

Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.

Бөлісу32Твитерге20
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
«Комсомол»  колхозы

«Комсомол» колхозы

28.03.2025
Сапалы өнім өндіруде

Сапалы өнім өндіруде

06.06.2025
Су құбырларын жаңартуға жұмсалады

Су құбырларын жаңартуға жұмсалады

06.06.2025
Жаңа демалыс аймағы ашылды

Жаңа демалыс аймағы ашылды

06.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру