Президент өткен Жолдауында монополиялы нарықтарда «Тарифті инвестицияға айырбастау» жаңа тарифі саясатына көшу керектігін тапсырған еді. Мұның облыста қалай жүзеге асатынын ҚР Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу комитеті Ұлытау облысы бойынша департамент басшысы Дәуір Жүнісбеков және облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Ұлан Ермеков түсіндірді.
Дәуір Жүнісбековтың айтуынша, биыл Ұлытау облысында коммуналдық қызмет тарифтерінің өсуі байқалмайды. Мысалы, жылдық инфляция шамамен 20 пайы зболғанда, ақылықызметтер 14,1 пайызды құрапты. Облыста инженерлік желілердіңт озуы – 67,26 пайыз. Оның ішінде жылумен жабдықтау – 60, сумен жабдықтау – 65, кәріз жүйесі 75 пайызға тозған. Сондай-ақ, облыстағы коммуналдық салада қызмет етіп келе жатқан мамандар жалақының төмен болуына байланысты жұмыстан кетіп жатқан көрінеді.
– Коммуналдық қызметтерге тарифтердің тежеуіне қарамастан, материалдар мен құрал-жабдықтар бағасының тұрақты өсуі байқалуда, – деді Дәуір Жүнісбеков. – Ұлттық банктің мәліметтері бойынша, инфляция 2022 жылы 20,4 пайызды құрады. Өз кезегінде біз алдағы уақытта нақты инфляция деңгейін, сондай-ақ, облыстағы инженерлік инфрақұрылымның тозғанын ескере отырып, айтарлықтай инвестицияны қажет ететін коммуналдық сектордағы тарифтердің өсуі мүмкін екенін атап өтуіміз керек.
Облысымызда осы мақсатта желілердің тозуын кем дегенде 15 пайызға азайту жоспарлануда. Бірақ, тұрғындардың қалтасына ауыр тимеу үшін тарифтерді бір мезетте өсірмей, біртіндеп арттыру көзделуде. Аталған жұмыстар 2030 жылға дейін кезең-кезіңмен жүзеге асырылады.
Бұл орайда Ұлан Ермеков осыған байланысты уәкілетті орган бүгінгі күні «Тарифті инвестицияға айырбастау» саясатын жан-жақты қарап, пысықтау үстінде екенін атап айтты. «Қазіргі таңда мемлекеттік реттеу процестерінің жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті органмен сервистерді цифрландыру жүргізілуде» деді ол.
Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.