Сенбі, 15 Тамыз , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Жаңа клуб – боксты дамытуға серпін

17.02.2023
- Жаңалықтар
0
Жаңа клуб – боксты дамытуға серпін
74
БӨЛІСТІ
206
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Жезқазған қаласында су жаңа «Old scool» атты бокс клубы ашылды. Ашылу салтанатында жасөспірмдер арасында турнир ұйымдастырылды. Жарысқа Ұлытау ауданы мен Талап және Сәтбаев, Жезқазған қалаларынан жас өрендер қатысты.

Бокс – адамның мінезі мен еркі шыңдалатын ерлік мектебі. Оқушылар үшін басты шарт – жеңілмейтін сенім мен қажырлы еңбек. Ал, бапкерлер жұдырықтасудың қыр-сырын білгісі келетін жастарға жауынгерлік дағдыларды дамытуға және техникалық тәсілдерді үйретуге дайын. Ринг заманауи стандарттарға сай, зал барлық қажетті жабдықтармен жабдықталған.

– Спортты дамыту, жас ұрпақты спортқа баулу – басты мақсатымыз, – деді Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Бақытжан Жайлаубаев. – Сондықтан осындай спорт клубының ашылуымен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын. Шаршы алаңның шаңын шығарып, елімізден тыс жерлерде Байрағымызды көкке желбіретер чемпиондар көптеп шыға берсін.

Спортты қолжетімді етуді Мади Дүйсембаев соңғы он жыл бойы армандапты. Ақырында қолдаушыларының арқасында бокс залын ашып, мақсатына жетті. Енді клубта 5 жастан бастап жасөспірімдер үшін есік ашық.

– Клубты ашқаныма өте қуаныштымын. Қазір жастардың көбі спортпен шұғылданады. Салаутты өмір салтын ұстайды. Біз де өз үлесімізді қосамыз деген ойдамын. Ендігі мақсат Ұлытау өңірінде осы спорт түрін дамытып, ел чемпиондарын тәрбиелеу, – дейді жаттықтырушы Мади Дүйсембаев.

Клубтың ашылу күні 2013-2016 жылдары туған өспірімдер бақтары мен баптарын саралады. Жалпы, жарыс жолында бірнеше салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсеткен мықтылардың есімдері анықталды. Үздік боксшылар дипломдар мен медальдарға ие болды. Жүлделердің басым бөлігі Сәтбаев спортшыларының еншісіне тиді.

Жергілікті жаттықтырушылардың сөзінше, алдағы уақытта бокстан осындай турнирлер дәстүрге айналмақ. Бұл өз кезегінде салауатты өмір салтын насихаттап, балаларды спортқа тартуда септігін тигізбекші. Айта кетейік, бокспен айналысатын спортшылар үшін клуб таңғы 09.00-ден кешкі 22.30-ға дейін ашық. Айлық абонемент – 20 мың теңге.

Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.

 

Бөлісу30Твитерге19

Көп қаралған

  • Жеңіс туын желбіретті

    Жеңіс туын желбіретті

    92 бөлісті
    Бөлісу 37 Твитерге 23
  • «Eco Life: Таза Қазақстан – жастар таңдауы»

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • 🌊 БЕЗОПАСНОСТЬ НА ВОДЕ — ОТВЕТСТВЕННОСТЬ КАЖДОГО

    66 бөлісті
    Бөлісу 26 Твитерге 17
  • 🌊 СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК — ӘРКІМНІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

    66 бөлісті
    Бөлісу 26 Твитерге 17
  • Ұлытаудан шыққан рухани шипагер

    185 бөлісті
    Бөлісу 74 Твитерге 46
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру