Бейсенбі, 15 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Мұқаба

Жаңа жылды – жаңа баспанада

қарсалады еңбеккерлер «Қазақмыстың» арқасында

30.12.2022
- Мұқаба
0
Жаңа жылды – жаңа баспанада
68
БӨЛІСТІ
189
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Жаңа жыл қарсаңында «Қазақмыс» өз еңбеккерлеріне жаңа тұрғын үй кілттерін табыс етуді дәстүрге айналдырды. Ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған қызметкерлер көптен күткен баспананың бақытты иегерлері болды.

 Өткен жылы Балаларды қорғау күніне орай «Қазақмыс» ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған 35 отбасына пәтер кілтін сыйлаған болатын. Бұл жолы Қарағанды, Жезқазған және Балқаш қалаларында тағы 53 отбасы өздерінің жайлы тұрғын үйлеріне қол жеткізді. Осы мақсатқа 2022 жылы компания 2,7 млрд. теңгебөлді.

– Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 жыл – Балалар жылы деп жариялады. Мемлекет басшысының осы бастамасы аясында біз ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдау жөніндегі қосымша бағдарламаны іске қостық. Өйткені, біздің компания біздің қызметкерлеріміз кездесетін қиын жағдайларға әрқашан құрметпен қарайды. Болашақта біз қызметкерлеріміз бен олардың отбасыларының игілігі үшін жұмыс істейтін жаңа шешімдер мен жаңа бағдарламаларды бірлесіп таба алатынымызға сенімдімін, – деп атап өтті «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриев.

Корпорация басшысы жаңа 2023 жыл, өтіп бара жатқан жыл секілді, даму үшін жаңа мүмкіндіктер мен перспективалар береді деген үмітін білдірді.

Сондай-ақ оқыңыз

Жылу желілерін жаңғыртуға Үкімет қаржы бөлді

Жылу желілерін жаңғыртуға Үкімет қаржы бөлді

10.01.2025
10 мың балаға қуаныш сыйлады

10 мың балаға қуаныш сыйлады

27.12.2024

– Келесі жыл біз үшін жақсы өзгерістер жылы болады, соның ішінде бұл біздің қызметкерлеріміз үшін еңбек жағдайларының өзгеруіне де әсер етеді. Кілттерді табыстауға көшпес бұрын, жаңа жыл қарсаңында барлық отбасыларға денсаулық, амандық және өркендеу тілеймін, – деп құттықтады Нұрахмет Нұриев.

«Қазақмысқа» тұрақты негізде компания еңбеккерлерінің әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламалар енгізілуде. Мәселен, «Қазақмыс» компаниялар тобы еңбеккерлерінің көп балалы отбасыларын тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасын іске асырудың үш жылы ішінде 3,8 млрд. теңге сомасына 186 абаттандырылған пәтер сыйға тартылды. Барлық пәтерлер жиһазбен және тұрмыстық техникамен жабдықталған.

Атап айту керек, аталған әлеуметтік бастамалар – «Қазақмыс» корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігінің компания қатысатын өңірлердегі өмір сүру және еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған аспектілерінің бірі ғана.

Нұрахмет Нұриев Балқашта кілттерді салтанатты түрде тапсыру кезінде атап өткендей, оның бұл қалаға келуі кездейсоқ емес, өйткені ол Балқаш қаласының болашағы туралы әлеуметтік желілердегі хабарламалар мен түсініктемелерді мұқият қадағалайды.

– Бүгін де біз Балқаш қаласының әкімдігімен бірлесіп қаламыздың және тұрғындарымыздың әл-ауқатын арттыру бойынша Меморандум әзірлеп жатырмыз, сондай-ақ қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға инвестициялар жалғасуда. Мен және компанияның бірінші басшылары Жезқазған қаласындағыдай, Балқаш қаласының да іс-шараларына белсенді қатысатын боламыз, – деп қорытындылады Нұриев.

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС
баспасөз қызметі.

Бөлісу27Твитерге17
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

15.05.2025
С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

15.05.2025
С. Жақыпова Ұлытау облысының әкімі және активімен бірге мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру барысын талқылады

С. Жақыпова Ұлытау облысының әкімі және активімен бірге мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру барысын талқылады

15.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру