«Қазақмыста» «Шеберлер мектебі» корпоративтік даму бағдарлама-
сы сәтті жалғасуда. Оған Жезқазған, Балқаш және Қарағанды өңірлерінің байыту өндірістерінің шеберлері жұмылдырылды.
Шебер – кәсіпорынды басқарудағы маңызды буын болып табылады. Жұмыстың тиімділігін арттыру үшін олар «Шеберлер мектебі» бағдарламасында модульдік оқытудан өтіп, қазіргі заманғы жоғары тиімді басшының қызметінің негіздеріне енеді.
Бағдарламаның екінші модулі басшылық пен көшбасшылық мәсе-
лелеріне арналып, қатысушылардың нақты өндірістік жағдайлар мысалында көшбасшылық әлеуетін ашуға бағдарланды. Бағдарлама-теориялық білім алуға да, жеке және топтық жұмыс арқылы дағдыларды іс жүзінде белсенді қолдануға бағытталған.
Қыркүйек айында «Персоналды дамыту және ынталандыру» үшінші модулінің басталуы жоспарланған, онда қатысушылар тәлімгерлік, кері байланыс дағдыларын қалыптастыру және қызметкерлерді ынталандыру құралдарын қолдану бойынша жұмыс атқаруы керек.
«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС баспасөз қызметі.