Сәрсенбі, 4 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Бәрекелді!

Іріктеуден өткен жүйріктер

Ботай мен Бозоқ көне жолымен жүреді

19.04.2024
- Бәрекелді!
0
Іріктеуден өткен жүйріктер

filter: 0; jpegRotation: 0; fileterIntensity: 0.000000; filterMask: 0; module:1facing:0; hw-remosaic: 0; touch: (-1.0, -1.0); modeInfo: ; sceneMode: Night; cct_value: 0; AI_Scene: (-1, -1); aec_lux: 0.0; hist255: 0.0; hist252~255: 0.0; hist0~15: 0.0;

89
БӨЛІСТІ
246
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

2022 жылдың қыркүйегінде тұңғыш рет жалауын көтерген «Ұлы Дала Жорығы» марафон-бәйге биыл үшінші рет өткізілейін деп отыр. Көшпенділердің V дүниежүзілік ойындары қарсаңында өтетін осынау бірегей марафонның республикалық іріктеу туры да басталды. Доданың дүбіріне Ұлытау облысының шабандоздары да үн қосты.

 

Алдағы 500 шақырымға 5 ат шықты іріктеліп

Өткен жексенбіде Мибұлақ ауылы мен Жезқазған қаласының арасындағы 70 шақырым жолды Ұлытау облысының әр аймағынан келген 16 шабандоз шаңға бөктірді. Күн көтеріле үзеңгі қаққан олар 70 шақырымды үш жарым сағатта желіп өтіп, Жезқазған қаласының іргесінде тізгін тартысты.

Сондай-ақ оқыңыз

Өндірістегі озат арулар Ақордадан марапатпен оралды

Өндірістегі озат арулар Ақордадан марапатпен оралды

14.03.2025
Екі дүркін әлем чемпионы

Екі дүркін әлем чемпионы

08.03.2025

Жалпы, бұл іріктеу жарыс Ұлытау ауданының 85 жылдығына орай Ұлытау ауданы әкімінің бастамасымен және облыстық «Ұлы Дала Жорығы» федерациясының қолдауымен өтті. Додаға облыстың әр аймағынан «осы» деген 16 жарамды ат қосылды. Оның ішінде 5 ат Жаңаарқа ауданынан келсе, 4 ат Ұлытау ауданының, өзгелері Жезқазған қаласы мен Талап ауылының жүйріктері.

Орайы келгенде айта кетейік, «JORYQ» республикалық ат спорты федерациясы таратқан ақпарат бойынша, «Ұлы Дала Жорығы» республикалық іріктеу туры биыл Петропавл қаласындағы Абылай ханның мұражай кешені-резиденциясынан бастау алатын болды. Жоба 12 мамырда басталып, 17 мамырда Астанада аяқталады. Бурабай курорттық аймағының, Ботай мен Бозоқ көне мекендерінің көрікті жерлерін басып өтетін марафон-бәйгенің жалпы қашықтығы 500 шақырым болмақ.

Міне, осы іріктеу марафон-бәйгесіне қатысатын Ұлытау облысының аттары жексенбі күнгі жарыста таңдалды. 16 аттың ішінде Сарлық ауылының «Торпеда» атты бәйге аты алдына қара салмаса, Талаптан келген «Байқасқа» мәре сызығын екінші болып, Жаңаарқадан келген жүйрік – «Гектор» үшінші болып кесті. Ал, Жезқазған қаласынын қосылған ат – «Байшұбар» мәреде төртінші болып тізгін тартса, Жаңаарқаның «Ақтанау» аты республикалық іріктеу марафонына іліккен бестікті бекітті.

Жеңімпаздарға ақшалай сыйақы берілді. Ал, Ұлытау аудандық спорт бөлімінің басшысы Марат Оразалин екінші орын алған аттың иесіне түрлі түсті теледидар табыс етті.

«Жарысқа ат тапсақ, шабатын жас таппай қиналамыз»

Хоош. Сонымен, облыстық іріктеу туры өтті. Бірақ, ол қалай өтті. Әрине, біткен іске сыншы көп. Әйтсе де көзге ұрып тұрған олқылықтарды айтпай кетсек тағы болмайды. Қашаңғы жауырды жаба тоқымдай береміз. Жауапты жұмыстарға жүрдім-бардым қараудың салдарын аз көріп жүрміз бе. Басқаны айтпағанда осы «Ұлы Дала Жорығы» марафон-бәйгесінің өткен екі жылғы нәтижесі бізге аз сабақ болмаған еді ғой. Неге содан қорытынды жасамасқа. Екі жылда да біздің аттарымыз облысымыздың аумағынан әрі аса алмай жүр. Неге? Былтырғы іріктеу жарысынан биыл да алшақ кете алмадық. Оған себеп не? Не нәрселер қолбайлау болуда? Біз осы сауалды облыстық «Ұлы Дала Жорығы» федерациясының жетекшісі Марғұлан Коловқа қойдық.

– Бізде бұл іске демеуші табу өте қиын болып тұр. Қаржы болмайынша кез келген іс алға баспайды ғой. Ал, апталап далада жүретін жорыққа аз қаржы кетпейтіні бесенеден белгілі. Өздеріңіз көріп жүргендей, Батыс, Оңтүстік өңірлер бұған зор жауапкершілікпен қарайды. Бір аттың соңында екіден, үштен адам жүреді. Оның жем-шөбі, дәрі-дәрмегі, шабандоздар мен күтушілердің ас-ауқаты, жатар орны өз алдына. Арнайы үлгідегі киімдерінің өзі не тұрады. Аяғынан қалған, ауырған аттарды салып алып жүретін үлкен жүк көліктері бар. Батыс өңірінде ондай көліктер екіден, үштен. Өткен жылы біз аяғынан қалған атымызда жеткізу үшін жекеменшіктен машина жалдауға мәжбүр болдық. Өкінішке орай, бізде мұндай мүмкіндіктер қарастырылмаған. Бұл бірінші мәселе.

Екінші мәселе жарамды, белді, жүріске шыдамды аттардың жоқтығы. Біздің өңір ат баптау, ат жарату дегенге мүлдем селқос қарайды. Жалпы, марафон-бәйгеге ұшқыр ат емес, керісінше, жүріске шыдамды, жілік майы толысқан, алысқа жүріп, шыңдалған аттар керек. Оған анау ақалтеке сынды тұлпарларды сатып алудың қажеті жоқ. Ауылда малдың соңында жүретін, күн ұзақ міністен белі босамайтын темпеңкүреңдерді де жаратуға болады. Қайта марафонға солар шыдас береді. Бірақ, біз оған да мән бермейміз ғой.

Үшінші мәселе, атқа мінетін жастардың жоқтығы. Таза мақұрымбыз деуден аулақпын. Әйтсе де, бір апта, он күн далада, қоста қонып, күніне жүз шақырым ат үстінде жүретін жас жоқ. Марафон-бәйгенің «Ұлы Дала Жорығы» деп аталуының өзі сол, кешегі бабаларымыздың жорық жолдарында аттың белін суытпай, егеулі найзасының сабы жер сызып, еңку-еңку жер шалғанын бүгінгі ұрпаққа сезіндіру, оның түпкі мәні осында. Сол жарысқа ат тапсақ, мінетін жас таппай қиналамыз.

Ертең, мамырда марафон басталады. Оған қалай барамыз, кімдер барады, нәтижесі қандай болады, оны уақыт көрсетеді енді, – дейді Марғұлан Колов үлкен қынжылыс танытып.

Ізтай БЕЛГІБАЙҰЛЫ.

 

Бөлісу36Твитерге22
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Мемлекет тірегі – тәртіп

Мемлекет тірегі – тәртіп

30.05.2025
Балалардың денсаулығы – назарда

Балалардың денсаулығы – назарда

30.05.2025
Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

30.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру