Сол себепті Ұлытау облысының полиция департаменті ауқымды іс-шара ұйымдастырып, облыс полицейлерінің басын қосты.
Облыстық ПД бастығының орынбасары Жандос Мұқатов алаяқтықтың өршуіне байланысты негізгі факторларға тоқталды. Әсіресе егде жастағы тұрғындар алаяқтардың айласына түсіп қалып жататын көрінеді.
Жиыннан кейін, полицейлер бірнеше топқа бөлініп, үйлерді аралап, сондай-ақ көшеде өтіп бара жатқан адамдарға алаяқтардан қалай қорғану керектігін түсіндірді. Жалпы, профилактикалық шараға 200-ден аса тәртіп сақшысы жұмылдырылды.
Айта кетейік, жыл басынан бері алаяқтықтан 20 адам зардап шеккен, оның 10-нан астамы ғаламтордағы алаяқтық. Алаяқтар қазір сеніміңізге кіріп, банктік деректерді білу үшін интернет телефон шалумен шектелмейді. Психилогиялық шабуыл жасайды. Сондықтан құқық қорғау органдары алаяқтық әрекеттерге тосқауыл қоюдың жолы бар. Ол үшін электронды поштаға келген хаттарды ашқанда мұқият болу керек дейді. Құқық қорға органдары әлеуметтік желілерде де белсенді түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.