Бейсенбі, 15 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Имамдар есеп берді

08.01.2025
- Жаңалықтар
0
Имамдар есеп берді
165
БӨЛІСТІ
457
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Жақында қос қаламыздың бас имамдары халық алдында жылдық есеп берді.Алғашқы есеп беру кеші Сәтбаев қалалық «Балмағамбет Балқыбайұлы» мен «Сәдуақас Ошақұлы» мешіттерінің және «Бірлігі жарасқан жамағат» еріктілер тобының ұйымдастыруымен Сәтбаев қаласындағы «Арай» мейрамханасында өтті. Кеш пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у) ға оның сахабалары мен барша мұсылман қауымына құран бағыштаумен басталды.

Жиналған жамағатқа дәм беріліп бұдан соң қос мешіт имамдары Еркебұлан Ермекұлы мен Сағындық Мұхиденұлы бейнебаян арқылы жыл бойғы атқарған жұмыстарына есеп берді. Кеш әрі қарай халқымыздың салт-дәстүрі бойынша сұрақтар қойылып білім жарысымен жалғасты, дұрыс жауап берген азаматтар сый-сияпат алды. Кезек марапаттау рәсіміне келді. Қала әкімінің орынбасары Дархан Қабылдашұлы мешіт имамдарының атқарған жұмыстарына игі тілегін білдіріп, әкімшілік атынан имамдарға сыйақы табыстады. «Бірлігі жарасқан жамағат» еріктілер  тобының басшысы алғыс хатпен марапатталып, иығына шапан жабылды. Үздік белсенді азаматтарға кіші қажылыққа жолдама берілсе, жыл белсенділері де түрлі сый-сияпатқа ие болды. бір адам «умра» қажылыққа баратын болды. Ақсақалдарымыз да сый-сияпаттан құр қалған жоқ. Қос мешіттің де мұқтаж жандарға көмек көрсетіп, азық-түлікпен қамтамасыз етіп оны пәтерлеріне жеткізіп беріп жатқанын бейнебаяннан көріп жиналған жамағат аса риза болысты. «Игілікті істерің көп бола берсін» десті жиналған жұртшылық.

«Ахмет Ишан Оразайұлы» мешітінің ұйымдастыруымен өткен рухани жылдық есеп беру кеші Жезқазған қаласындағы «Ақ тілек» мейрамханасында өтті. Құран оқылғаннан кейін Жезқазған қаласы, Ұлытау ауданының құрметті азаматы С.Қожамсейітов ақсақал дініміз, діліміз жайында өңіріміздің кешегісі мен бүгіні жайында әңгімелеп берді. Бұл жиынға облысымыздың шалғай аудандарындағы имамдар да келген екен. Дәмнен кейін ұлттық ойындар ойнатылып, қазақтың тұрмыстық салт-дәстүрінен сұрақтар қойылып жиын қызықты өтті. Орындалған халық термесі де халықтың көңілін көтере түсті. Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайының ғылыми қызметкері Қабдол Жұмаділдаұлы «Алаш» ерлерінің елі үшін атқарған еңбектерін баяндаса, діни ұстаз Елдос Қуандықұлының уағыз насихаты көпшілікті бей-жай қалдырмағаны анық. Бас имам Бейбіт Бақытжанұлының қорытынды есебі де зор ықыласпен тыңдалды. Ол «Облысымызда 33 мешіт, 53 имам бар екенін айтып, мұның аз екеніне тоқталды, өйткені  бір мешітте бас имамға 3 көмекші имам болуы керек екен. Сондықтан, діни білімге бейім жастарымыз болса, өзіміз грантқа оқытып тәрбиелер едік, имам өз ортамыздан шықса нұр үстіне нұр болар еді» деген ойын алға тартты. Бас имам үш азаматқа шипажайға жолдама силады. Өңірлерден келген және жергілікті имамдарды түрлі номинация бойынша марапаттап 100 мың  теңгелік сертификат  табыс етті. Жезді және Кеңгір кенті имамдары қызметтік көлік кілтіне ие болды.

Ұлытау облыстық дін басқармасының басшысы Дулат Рашидұлы белсенді азаматтарға алғыс айтып, марапат жасады. Кеш соңында лоторея ойнатылып бір азамат умра қажылыққа жолдама алды.

Сондай-ақ оқыңыз

С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

15.05.2025
С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

15.05.2025

Біздер ақсақалдар бұл өткізілген кештерден көңілімізді көтеріп, рухани күш алдық және мешіттерімізді басқарып отырған жас имамдар өз өңірімізден шыққан азаматтар екеніне қуанып әрі марқайып қалдық. Имамдарымызға ел игілігі үшін атқарып жатқан жұмыстарың жемісті, берекелі бола берсін дегіміз келеді. Халық үшін істелген шаруа қашанда өз нәтижесін берері хақ.

Жәми Тұрсынбай, «Қазақмыс» корпорациясы Ардагерлер кеңесінің мүшесі.

Бөлісу66Твитерге41
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

15.05.2025
С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

15.05.2025
С. Жақыпова Ұлытау облысының әкімі және активімен бірге мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру барысын талқылады

С. Жақыпова Ұлытау облысының әкімі және активімен бірге мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру барысын талқылады

15.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру