Сенбі, 21 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Мерей

Газет тарихынан

Сарыарқа газетіне – 50 жыл

07.04.2023
- Мерей
0
Газет тарихынан
114
БӨЛІСТІ
318
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

 «Жезқазған туы» — жаңадан құрылған Жезқазған облысының қоғамдық-саяси газеті ретінде 1973 жылдың 13 сәуірінен шыға бастады. Компартия тарағанша Жезқазғаноблыстық партия комитеті мен еңбекшілер депутаттары облыстық кеңесінің органы болды. Әкімшілік-аумақтық құрылымның оңтайландыруына байланысты ҚР Президентінің 1997 жылғы 3 мамырдағы жарлығымен Жезқазған облысы таратылып, оның аумағы Қарағанды облысына қосылды. Жезқазған облысының таратылуына байланысты 1997 жылдың мамырайында облыстық басылым шығуын тоқтатты.

 Он жеті жыл бойы 4313 нөмірі «Жезқазған туы» атауымен шығып келген облыстық басылым 1990 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 4314-ші санында «Сарыарқа» деген жаңа атауға ие болды.

Оқырмандар қауымының қолдауымен және журналистер ортасының қалауымен 1 қыркүйектен бастап «Сарыарқа» деп шыға бастаған газеттің жаңа атауы ресми түрде облыстық кеңестің 1990 жылғы желтоқсан айындағы сессиясының шешімімен бекітілді.

 Кеңес заманында газеттер партия мен советтің органы болғаны белгілі. КСРО-ның саяси тірегі ыдырай бастаған тұста 1991 жылғы 7 қыркүйекте Қазақстан Компартиясының төтенше сьезі Компартияны таратып, Социалистік партия құрды.

Сондай-ақ оқыңыз

№2 Бекет.  «Қызмет ету барысында оқыс оқиға болған жоқ»

№2 Бекет. «Қызмет ету барысында оқыс оқиға болған жоқ»

28.03.2025
Мерейлі мереке

Мерейлі мереке

14.03.2025

Осы оқиғадан соң халық депутаттары Жезқазған облыстық Советінің 1991 жылғы 27 қыркүйектегі сегізінші сессиясында облыстық газеттердің бір ғана құрылтайшысы — облыстық Совет болады деген ұйғарым жасалды. Сессия
«Облыстық «Сарыарқа» және «Джезказганская правда» газеттері халық депутаттары облыстық Советінің газеттері болып табылады» деген шешім шығарды. Сонымен қатар, редакция ұжымының газет маңдайындағы «Барлықелдердіңпролетарлары, бірігіңдер!» деген ұранды «Әділеттілік. Бірлік. Ізгілік!» ұран-сөзімен ауыстыру жөніндегі ұсынысымен келісті.

 Бұрынғы облыстық редакцияның базасында құрылып, қайтадан ұйымдастырылған «Сарыарқа» 1997 жылғы 12 шілдеден бастап қалалық газет ретінде шықты. Аптасына үш реет шығатын қалалық басылым облыстың таратылуына байланысты жабылған бұрынғы «Сарыарқаның» заңды жалғасы болып бағаланды. Алғашқыда газет құрылтайшылары ретінде Жезқазған қалалық әкімдігі мен қалалық мәслихаты дотациялық шығынды  жабу жолымен қаржыландырып, кейін газет мемлекеттік тапсырысты орындауға көшірілді.

 Газеттің алғашқы редакторы (1973-1974 ж.) Сайлаубек Қожамсейітов болды. Одан кейін (1974-1983 ж.ж.) Ұзақбай Төлеуов, 1984-1997 жылдар аралығындаСабыр Сауытбаев басшылық жасады. Облыстық газетке 1997 жылдың сәуірінде редактор болып келген Әубәкір Ахметбеков мамыр айында басылымның жабылуына байланысты одан соң шамалы уақыт қалалық басылымның тізгінін ұстады. Қалалық«Сарыарқада» (1997-2002 ж.ж.) Амандық Рахұлы, оданкейін Төлеш Асанов (2002-2016 ж.ж.)  бас редактор болып қызмет жасады.
2016-2021 жылдары «Сарыарқа» газеті редакциясы» ЖШС директоры-бас редакторы Дархан Мұхан болды. Сол жылдың аяғында газет жекешелендіріліп, жаңа меншік иесінің қолына өтті.

Бөлісу46Твитерге29
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Шолпан шапағы

Шолпан шапағы

13.06.2025
«Комсомол»  колхозы

«Комсомол» колхозы

28.03.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Ұлытау төрінде «Көкмайса-2025» фестивалі өтті

Ұлытау төрінде «Көкмайса-2025» фестивалі өтті

20.06.2025
«Қазақмыс» Бағдар: Еңбек қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

«Қазақмыс» Бағдар: Еңбек қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

20.06.2025
Әлемдегі тау-кен мектебі облыста филиалын ашады

Әлемдегі тау-кен мектебі облыста филиалын ашады

20.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру