Сейсенбі, 11 Тамыз , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Бағдар

Газбен жабдықтау жалғасуда

Ел игілігі үшін

11.11.2022
- Бағдар
0
Газбен жабдықтау жалғасуда
88
БӨЛІСТІ
245
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Өткен жылы Жезқазғанға көптен күткен газ келіп, оны алғашқы болып Талап ауылындағы үйлер жаға бастағаны белгілі. Жоспар бойынша биыл Бөгенбай батыр ықшам ауданы (Станция маңындағы аудан) мен Геология елді мекені көгілдір отынның игілігін көруге тиістін. Осы жөніндегі жұмыстардың жай-күйін білу үшін «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Қарағанды өндірістік филиалы Жезқазған газ шаруашылығының директоры Ғани ҚҰЛШЫМБАЕВПЕН жолығып, әңгімелескен едік.

Қызылорданың Қараөзегінен Астана қаласына дейінгі мың шақырымнан асатын «Сарыарқа» магистральдық газ құбырының құрылысы 2019 жылы қолға алынып, бір жылдың ішінде аяқталған болатын. Бұл ауқымды құрылыстың құны 267,3 млрд. теңгені құрады. Жобаны жүзеге асыру үшін «АстанаГаз КМГ» компаниясы құрылып, құрылыс жұмыстарын бас мердігер «ҚазСтройСервис»жүргізді. Содан бергі кезеңде құбыр бойындағы елді мекендерді газдандыру жөніндегі құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Біздегі газ тарату станциясынан мысты қаланың нысандарына көгілдір отын желілерін тарту жобасы үш кезеңнен және 7 өндірістік кешеннен тұрады. Тапсырыс беруші Жезқазған қаласының «ТКШ, АЖ және ЖК бөлімі» мемлекеттік мекемесі болса, бас мердігері «Әлия Сервис» ЖШС болып табылады. Газ шаруашылығының директоры Ғани Құлшымбаевтың айтуынша, бұл саладағы құрылыс жұмыстары жүргізілгеннен бері көгілдір отын желісіне екі елді мекен мен бір ықшам аудан қосылыпты. Олар – Талап, Геология ауылдары мен Бөгенбай батыр (Станция маңайы) ықшам ауданы. Республикалық бюджет қаржысы есебінен салынған 50,8 шақырым газбен жабдықтау желілері қабылданып, пайдалануға берілген. Бүгінге дейін газбен жабдықтау желілеріне қосылуға 647 абонент мүмкіндік алып отыр. Ал, іс жүзінде 59 абонент көгілдір отынның игілігін көруде. Біз газ шаруашылығының басшысынан желіге қосылатын нүкте іргесіне дейін тартылып берілсе де 600-ге жуық үйдің неге көгілдір отынды пайдалануға асықпай отырғанының себебін сұраған едік. – Оның әртүрлі себептері бар. Мәселен, бір үйлердің орталықтандырылған жылу желісі бар көрінеді, олар соны қолайлы көреді. Енді біраз отбасына газға қосылу шығындарын төлейтін қаражат жайы қолбайлау болуда.

Қазақстан Республикасы «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңының талаптарына сай, жеке және заңды тұлғалардың газ жабдығын газ тарату жүйесіне қосу жұмыстары тұтынушылардың есебінен жүзеге асырылады. Сонымен қатар, үйге қатысты құжаттарының заңдылық талабына сай келмеуі де газ қондырғысына қосуға айтарлықтай кедергі болып отырған фактілер де аз емес. Қаладағы үйлерді газбен жабдықтау қарқынын арттыру мақсатында құбыр желілері тартылған аймақ тұрғындары арасында үгіт-насихат және түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Тұтынушыларға газжеткізумәселесін шешужөніндеҚарағандыөндірістік филиалы мен Жезқазған қаласы әкімдігі арасындағы ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

Газ шаруашылығы өңір үшін – жаңа сала. Сондықтан, жергілікті бюджет есебінен ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде тұрмыстық газды пайдалануда қауіпсіздікті сақтау жөніндегі үгіт роликтері мен материалдар жариялануда, – дейді Ғани Құлшымбаев. Қаланы газдандыру жөніндегі жобаны толықтай 2020-2026 жылдары жүзеге асыру көзделген. Соған орай, қазіргі таңда Бекболатсай және Қостанкелді ықшам аудандары тұрғындарын газбен жабдықтау үшін 45,4 шақырымдық желілерді тартуға қатысты құрылыс-монтаж жұмыстары белсене жүргізілу үстінде.

Қазір аяқталуға жақын қалыпты. Бұл жұмыстың нәтижесі бойынша жалпы 1316 абонент газға қосылуға мүмкіндік алады. Ал, Жезқазған қаласын көгілдір отынмен қамтамасыз ету жобасы толықтай іске асқанда 7800 абонент газ желісіне қосылады деп күтілуде.

Амандық РАХҰЛЫ

Бөлісу35Твитерге22

Көп қаралған

  • Қазақстан цифрландырудың жаңа деңгейіне қадам басуда

    Қазақстан цифрландырудың жаңа деңгейіне қадам басуда

    69 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 17
  • ЕСЕТ БАЙКЕН ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ МЕН АУЫЛДЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ ЖАЙ-КҮЙІН БАҚЫЛАДЫ

    70 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 18
  • День Абая

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • 🧹 ҚОҚЫС СІЗДІКІ БОЛМАСА ДА, ТАЗАЛЫҚ — СІЗДІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІҢІЗ!

    69 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 17
  • 🧹 МУСОР МОЖЕТ БЫТЬ НЕ ВАШИМ, НО ЧИСТОТА — ВАША ОТВЕТСТВЕННОСТЬ!

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру