«КәсіпҚорған» кәсіподағының филиалдары Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Сәтбаев өңірлерінде жұмыс істейді. Шығыс Қазақстан облысы аумағында да бастауыш кәсіподақ ұйымдары бар.
Олардың жұмысы кәсіподақ Жарғысының негізінде құрылады, бірақ сонымен бірге әрбір кәсіподақ көшбасшысы өзінің шығармашылық қызықты идеяларды жүзеге асырады. Осыған байланысты «КәсіпҚорған» кәсіподағының төрағасы Уәлихан Нұржанов озық тәжірибені жинақтау туралы шешім қабылдады және еңірі филиал өкілдерін Қарағанды алаңындағы бастауыш ұйымдардың қызметімен танысуға іссапарға жіберді.
Құрамында кәсіподақ төрағасының орынбасары Абзал Жаңабергенов, Жезқазған филиалының бас қоғамдық инспекторы Шәкен Кененбаев, Жезқазған филиалының аппарат басшысы Жанар Салықова барған делегация Қарағанды, Топар, Қарағайлы мен «Нұрқазғандағы» бастауыш ұйымдарда болды. Қарағанды филиалына Мадияр Қалиев төрағалық етеді. Кәсіподақ комитетерінің төрағаларыАйбын Арынғазинов, Қарлығаш Ахметова, Жанна Ермұқанова сияқты білікті мамандармен сұхбаттасып, олардың атқарған жұмыстарын көру көңілге сенім берді.
Кәсіподақ өмірінде алғашқы қадамдарын жасаған жас мамандар да өндірістік цикл мен мәдени-бұқаралық жұмысты ұйымдастырудағы жетістіктерімен қуантты. Олардың жұмысының ерекшеліктері әлеуметтік желілер арқылы кәсіподақ мүшелерімен белсенді қарым-қатынас жасау. Шығармашыл, жігерлі, еңбек ұжымдарын өздерінің көтеріңкі көңіл-күйімен қамтитын кәсіподақ жастарының өкілдері Айнұр Шутикова, Арман Бейсекеев, Любовь Московская жұмысты жаңаша идеялармен танылып жүр.
Тәжірибе алмасу барысында қоғамдық инспекторлардың жұмысын жақсарту, келісім және тұрақты комиссияларға тиімді қатысу, ұжымдардағы моральдық-психологиялық ахуалды жақсарту бойынша ұсыныстар жиналды.
Бұл жұмыс Балқаш және Шығыс Қазақстан өңірлерінің кәсіподақ алаңдарында жалғасады, нәтижесінде әдістемелік құралдар шығарылады.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.