Қазақстанның Құрметті металлургі Төлеген Бүкіров төрағалық ететін «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Ардагерлер кеңесінің Жезқазған филиалы2018-2023 жылдары атқарылған жұмыстарды қорытындылады.
Есеп беру конференциясының күн тәртібінде бес мәселе қаралды. Бірінші сұрақ бойынша Жезқазған филиалының жетекшісі Алтын Шайменова бес жылдағы ардагерлер кеңесінің жүзеге асырған жұмысын баяндады. Филиалға жаңа жетекші сайлау мәселесі бойынша конференцияға қатысушылар Алтын Шайменқызының кандидатурасын лайық деп таныды. Тоғыз адамнан құралған бюро мүшесі сайланды. Төртінші сұрақ – «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Ардагерлер кеңесінің есеп беру конференциясына делегат сайлау болды. Бесінші мәселе бойынша түрлі сұрақтар қаралды.
Айта кету керек, бүгінгі таңда Жезқазған филиалға корпорацияның түрлі құрылымдарында еңбек еткен 5300 ардагер мүше. Олар кеңестің жарғысына сай әлеуметтік көмектерге қол жеткізіп отыр. Жиынға қатысқан Ардагерлер кеңесінің басқарма төрағасы Төлеген Бүкіров филиалдың жұмысына оң бағасын беріп, бір топ белсенді ардагерлерді сыйақымен марапаттады.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.