Бейсенбі, 17 Шілде , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Қылмыс пен жаза

Есірткі саудагері

26.05.2023
- Қылмыс пен жаза
0
Есірткі саудагері
100
БӨЛІСТІ
278
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Есірткі саудасымен айналысып, қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін ісі сотта қаралған Алдиярдың жасы 26-да. Үйленбеген. Бұрын сотталмаған. Жұмыс істемейді.

Сот отырысында жауап берген сотталушы Алдияр тағылған айып бойынша өзінің кінәсін толық мойындамай, бұлтарып бақты. Сотталушының түсінігін тыңдап және іс құжаттарын зерделей келіп, сот сотталушы Алдиярдың өз кінәсін толық мойындамағанына қарамастан іс бойынша жинақталған және сот тергеуі кезінде зерттелген айғақтар жиынтығымен оның кінәсі толық дәлелденді деп есептейді.

Сот отырысында жауап берген куә Н.Н. істің мән-жайы бойынша бірқатар жайттарды атап көрсетті. Оның айтуынша, бұл оқиғаның нақты қай күні болғаны есінде жоқ. Ол пәтеріне жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқандықтан құрылыс заттарының қалдықтарын шығару үшін сыртқа 10-15 рет шыққан болатын. Әр шыққан сайын төртінші сатының алдында сотталушының тұрғанын көрген. Ол ішке кіре алмай тұрғандай болып көрінген. Бұл маңайда тұратын көрші-қолаңның барлығын жақсы танушы еді. Ал сотталушы Алдиярдың бөтен адам екенін бірден аңғарған. Ұзақ уақыт бойы сол жерді айналшықтап жүріп алғандықтан үйінен кезекті рет шыққан кезінде одан неге тұрғанын, кімді іздеп жүргенін сұраған еді. Ол болса сасқалақтап, не деп жауап қайтарарын білмей, өзіне қатысты күдікті одан әрі үдете түскен. Сол уақытта олардың жанына тағы бірқатар көршілер жиналып қалып, сотталушыны сұрақтың астына алған кезде Алдияр оларға өзінде «Меф» деген психотроптық заттың бар екенін айтқан. Сол-ақ екен көршілер қоңырау шалып, полицияны шақыртқан. Балабақшадан қызын алуға өзі ол жерден кетіп қалады. Қайтып келгенде бірнеше полиция қызметкерлері үй ауласында жүргенін көрген. Біреулері сотталушы Алдиярдан түйінділерге оралған заттарды тәркілеп алып жатқанын байқап, оны ұялы телефонының бейнекамерасына түсіріп алады.

Куә И. А. сотта өзіне дейінгі куә көршілердің жауаптарына ұқсас түсінік беріп, сотталушыдан тәркіленген заттар изолентамен оралғаны жөнінде толықтырды. Сондай-ақ сотталушы көршілерге полиция қызметкерлері келгенге дейін өзіндегі заттарды көрсетпегенін жеткізді. Ол заттарды полиция қызметкерлері тек тінту жұмыстарын жүргізген кезде ғана көрген. Көршілер бір-бірімен тілдескенде сотталушы есірткі заттарын тығумен айналысатын адам ретінде ұстағандарын айтып жатты. Сондықтан өзі полицияға қоңырау шалған кезде дәл солай есірткі тығушыны ұстап алғандықтары жөнінде хабарлаған.

Сондай-ақ оқыңыз

Қанына тартқан ұл

Қанына тартқан ұл

27.06.2025
Жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар

Ауыр және аса ауыр қылмыстар

20.06.2025

Жоғарыда көрсетілген куәлердің түсініктерінен бөлек Алдиярға тағылған айып бойынша кінәсі іс құжаттарымен толық дәлелденеді. Атап айтқанда, соның бірі – сотталушы ұсталған сәттегі жеке тінту хаттамасы. Бұл тергеу амалы барысында Алдиярдың әмиянынан екі мөлдір полимерлік қалташаға салынған 20 дана ұнтақ тектес түйнектер тәркіленген. Сонымен қатар сотталушыға тиесілі ұялы телефонын қарау барысында онда Алдиярдың басқа тұлғалармен психотроптық зат тектестерді өткізу жөнінде хат алмасуы анықталып, тиісті қарап-тексеру хаттамасы толтырылған. Оның кінәсін өзге де іс құжаттары сот отырысында жария етті. Сараптама қорытындысына сәйкес, Алдиярдың өзі нашақорлықпен зардап шекпейтіндігі мәлім болды. Сот аталған психотроптық заттар тектестерді ол нақты өзге тұлғалармен сөз байласу арқылы, яғни электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып, өткізу ниетімен сақтаған деген тұжырым жасайды.

Сотталушы өзіне тиесілі ұялы телефонын қылмыстық құқық бұзушылық құралы ретінде пайдаланған және бұл байланыс құралы осы іс бойынша заттай дәлелдеме ретінде танылған. Сондықтан аталған ұялы телефон мемлекет-ің кірісіне айналдыруға жатады.

Шахмұрат ИБАДАТҰЛЫ.

Бөлісу40Твитерге25
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Дулығалы мешіті

Дулығалы мешіті

27.01.2023
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Доңғалақ» па,«дөңгелек» пе?

«Доңғалақ» па,«дөңгелек» пе?

26.01.2024
Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 6,2%-ға өсті

Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 6,2%-ға өсті

15.07.2025
Президенттің ел экономикасын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау: Үкімет жарты жылда ЖІӨ-нің 6,2% өсімін қамтамасыз етті

Президенттің ел экономикасын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау: Үкімет жарты жылда ЖІӨ-нің 6,2% өсімін қамтамасыз етті

15.07.2025
Нысандарда болды, тапсырма берді

Нысандарда болды, тапсырма берді

11.07.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру