Сәрсенбі, 9 Шілде , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Қоғам

Ешқашан өшпейтiн белгi

03.06.2024
- Қоғам
0
Ешқашан өшпейтiн белгi
83
БӨЛІСТІ
230
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

ХХ ғасырда қазақ даласы алып зиратқа айнала жаздады. Соның бірі – мына іргеміздегі Жезді кенті мен Сәтбаев қаласының ортасындағы Ақтасты бұлақ басындағы қалың қорым. Ал, оның тарихы жайлы әңгімені естігенде аза бойың қаза болары анық. Бұл кешегі қазақтың басына түскен азапты жылдардың ең қасіреттісі, ең сұмдығы – ұлттың жартысынан көбін жалмаған 1932 – 1933 жылдардағы ашаршылықтан қалған белгі. Бұл – еш уақытта, ешқашан ұмытылмайтын, ешқашан өшірілмейтін белгі.

…Қызылдардың қанды құрығы бірінші тиген Торғай өңірінің халқы топалаң тигендей болды. Аштықтан бұратылып өлген халықта шек жоқ. Шамасы келгендер ата жұртын тастап Арқаға қарай ауды. Ол жақта өндіріс бар. «Өзен жағалағанның өзегі талмайды» деген, өндірісті өңірге бір жетсек аш өзекке алдау болар бірдеңе табылар деген үмітпен қалың қыпшақ Қарсақбай, Байқоңыр өңірін бетке алған еді. Сондай шұбырынды көштің бірі Батбаққарадан да шыққан болатын. Жол бойы зорман, тышқан аулап, талғажау ете жүріп жылжыған ашпажалап көштің алды осы Ақтасты бұлаққа келіп жетті. Ал, соңы иен далада қалды. Көмусіз қалды. Қасындағы серігінің аларған көзін алақанымен уқалап жауып, жүзін топырақпен жасыруға елдің дәрмені де жоқ еді. Еңкейсе, етпетінен түсетіндей. Ал, етпетінен түссе, қайтып тұра алмасын өздері де сезеді.

Бала Жезді өзенінің бойындағы оншақты үйдің бас көтерері Жамбол болғандықтан, елді мына қырғыннан аман алып қалудың жолын іздей бастады. Жыланды өзенінің бойын жайлап отырған ағайындармен ақылдасып, Сырға қарай сырғу да ойында бар. Сол оймен Жамбол таң ата жолға шыққан болатын. Сәске түсте Ақтасты бұлаққа жетті. Осы жерден сусындап алмаққа бұрылып еді, бұлақ басындағы адам қарасын көріп ол райынан тез қайтты. Артынған жүгі жоқ демесең, көшке ұқсас. Және киім порымдары да бұл өңірге ұқсамайды. Аштықтан босыған ел екені белгілі. Қанша шөлдеп тұрса да Жамболдың босқындарға таянуға батылы бармады. Кім біледі, көзі қарауытқан ел өзіне бас салса, қашып құтылар мұның да қауқары шамалы.
Төбе басындағы кісіні көрген босқындар да ұлардай шулап қоя берді. Жел әкелген дауыстардан еміс-еміс ұққаны «Бауырым», «Қарсақбай», «Байқоңыр», «Батбаққара», «Жөн сілте» деген сөздер ғана болды. Жамбол күйініп кетті.

– Уа, қарғыс атқыр зар заман-ай! Адамды-адамға жау етіп қойған қу тірлік! Мына байғұстарға жөн де айта алмадым-ау, – деп басындағы жұлым-жұлымы шыққан бөркін жерге атып ұрды. Сосын бірі құлап, бірі тұрып бері жылжып келе жатқан босқындардан бойын аулақ салып бара жатып:

Сондай-ақ оқыңыз

Су қателікті кешірмейді

Су қателікті кешірмейді

30.05.2025
Тіл төңірегіндегі текетірес

Тіл төңірегіндегі текетірес

14.03.2025

– Бауырлар, осы жерде аялдай тұрыңдар. Мен мына Жыландыдағы ағайындардан адам ертіп келіп, сендерді Жезді өзенінің бойына жеткіземіз. Сәл шыдаңдар, – деп айқайлап, өзі төбені айнала берді… Қасында аштыққа әлі бой алдыра қоймаған төрт-бес жігіт бар Жамбол Ақтасты бұлаққа іңір түсе оралғанда сұмдық оқиғаны көрді. Манағы босқын елдің бір жаны тірі қалмапты. Бірі бұлақтың суына бас қойған қалпында қалған. Енді біреулері соқпақ жолға жете жығылыпты. Ал, көпшілігі төбе етегінде бір-біріне сүйенген күйі жан тәсілім еткен.– Бұлар кімдер болды екен, – деп сұрады жас жігіттердің бірі босқындарды бір жерге жинап, бетін топырақпен, таспен жасырып болғаннан кейін.

– Манағы бір әзірде «Батбаққара» деген сөзді құлағым шалып еді. Бұлар, сірә, мына Батбаққара жақтан ауған ел болар, – деді Жамбол жүресінен отырып жатып, сосын білетін аятын бастап кетті.

Иә, бұлар шынында да Батбаққарадан бас сауғалап, ашыққан жандарына талшық іздеп босыған ел еді…

Ізтай БЕЛГІБАЙҰЛЫ.

 

Бөлісу33Твитерге21
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Дулығалы мешіті

Дулығалы мешіті

27.01.2023
Шолпан шапағы

Шолпан шапағы

13.06.2025
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
Журналистерге құрмет үш күнге ұласты

Журналистерге құрмет үш күнге ұласты

04.07.2025
Автоматтандырылған жүйенің жағдайымен танысты

Автоматтандырылған жүйенің жағдайымен танысты

04.07.2025
Қаржы вице-министрі: «Әрбір жоба халық игілігіне қызмет етуі керек»

Қаржы вице-министрі: «Әрбір жоба халық игілігіне қызмет етуі керек»

04.07.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру