Миллиондаған жас тағдырдың ғұмырын қиған алапат Ұлы Отан соғысының аяқталғанына биыл 78 жыл толды. Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы халықтарының тарихындағы қасіретті бет қана емес, сонымен қатар ол халықтарымыздың теңдесі жоқ ерлігі мен қажыр-қайратының бірлігінің дәлелі. Бұл соғыстың азабын тартпаған қазақ шаңырағы жоқ шығар. Бірі үміт атрқан жалғыз баласынан, тіпті бір отбасы екі, үш ұлынан айырылып қалып жатты. Бұл сұрапыл соғыста қасиетті Ұлытау-Жезқазған жерінен мыңдаған жас сарбаз аттанды.
Бүгінде олардың барлығы дерлік арамызда жоқ. Деседе олардың ерлігі тарихта қалды. Қан майданда ерлігімен танылғандардың қатарында Ибрагим Қорғанбеков те бар.
Қорғанбеков Ибрагим 1923 жылы Қарағанды облысы Ұлытау ауылында дүниеге келген. Ол 1942 жылы 12 сәуірде Қызыл армия қатарына Ленинград қаласынан шақырылды. 1940 жылы Ибрагим Қорғанбеков білікті жұмысшылар резервін даярлау үшін ұасиетті Ұлытаудан арнайы құрылған зауыттық оқыту мектебінде оқып жүрген болатын. Соғыс өрті басылған тұста Душанбе қаласындағы 45- шекара әскерлерінің атты полкіне жіберілді. Көп ұзамай олардың полкі жаңа 25- атқыштар полкіне айналдырылды. Кеңес әскерлері Кавказ Жотасының оңтүстік жағын қорғаған Красноводск (Түрікменбашы), Баку, Зугдиди қалаларындағы үлкен соғыс жолынан өтті. 25-ші атқыштар полкі КСРО НКВД Ішкі әскерлерінің құрамына кірді. 1942 жылдың қыркүйегінде алғашқы ерлігі үшін Ибрагим Қорғанбеков өзінің алғашқы – «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалін омырауына тақты. Ал қазан айында олар Түркиямен мемлекеттік шекараны қорғауға ауыстырылды. 1942 жылдың қараша айының соңында олар Кутаиси қаласындағы штабтың орналасқан жеріне ауыстырылды. Көп ұзамай Ибрагим Қорғанбекұлы 4-Украина майданының құрамына кірді, онда ол Симферопольді босатуға және аты аңызға айналған Сапун тауына шабуыл жасауға қатысты.
Көзі тірісінде Ұлы Отан соғысы ардагерінің шаңырағында болып, бірнеше мәрте сұхбаттасқан болатынмын. Сол кездерде қағаз бетіне жазып алған жазбаларымды Ұлы Жеңістің 78 жылдығы мен Ибрагим Қорғанбекұлының 100 жылдығы қарсаңында қайта жаңғыртуды мақсат тұттым.
Атамызбен әңгіме-дүкен құрғанда соғыс жылдарынкөзіне жас алып, қинала еске алатын.
Кавказ үшін шайқас қиын болды. Мұнда 4- неміс танк армиясы бекінген еді. Неміс қолбасшылығы оны Сталинград бағытына ауыстыруға мәжбүр болған кезде, біздің шабуылымыз басталды. Жаудың моторлы бөліктері біртіндеп оралып, біз оларды жаяу қуып жеттік. Біздің алға жылжып келе жатқан бөліктер жаңа шекарада бекітілген жаудың үздіксіз шабулына түсті. Солтүстік Кавказдағы шабуыл операциясы бес айдан астам уақытқа созылды. Біздің әскерлер 700 шақырымға алға жылжып, кең кеңестік аумақ босатылды. Мұнда фашистік армия үлкен жеңіліске ұшырады. Осы шайқастарға қатысқаным үшін «Кавказды қорғағаны үшін»медалімен марапатталдым, – деп отыратын.
Ибрагим Қорғанбеков Қырымды азат етуге де қатысты. Севастопольден шығысқа қарай алты шақырым жерде биік жер – Сапун тауы болды.
– 1944 жылы Сапун тауы қатты шайқастардың орнына айналды, ол жаудың күшті бекіністер жүйесінде шешуші орынға ие болды, — деп еске алатын ардагер. – Сым қоршаулармен оралған траншеялармен қазылған оның беткейлерінде қорғаныс жолағы ондаған доттар мен зоттардан, бірнеше траншеялардан, көптеген пулеметтер мен миномет нүктелерінен тұрды. Етегіндегі аңғар миналанған. 7 мамырда күшті артиллерия мен авиациялық дайындықтан кейін шоғырланған әскерлер шабуылға көшті. Бұл күні мыңдаған жауынгерлер мен командирлеризм батылдық танытты. Он сағаттан кейін жауынгерлер Сапун тауының шыңына шықты. 8 сәуірде басталып, 12 мамырда аяқталған Қырым операциясының нәтижесінде 200 мыңнан астам адамнан тұратын ірі неміс армиясы жойылып, Қырым алынды.
Бұл кезде әскерде офицерлік кадрлардың жетіспеушілігі қатты сезілді. Біздің командирлер мен саяси қызметкерлер жауынгерлерді шабуылға шығарып, алда шайқасқа аттанды, сондықтан олар бірінші болып жаудың қарсылығына тап болды. Бізге шекара әскерлерінің Ленинград әскери училищесіне оқуға баруды ұсынды. Алайда, біз бас тарттық, соғыстың соңына дейін майдан даласында боламыз деп шештік. Дейтұрғанмен бізді Ленинград әскери училищесіне оқуға жіберді. Сөйтіп училищені лейтенант шенінде аяқтап, Ауғанстан шекарасына Шекара әскерлеріне жіберілдім, – деп отыратын. Ибрагим Қорғанбеков 48-тәжік шекара жасағынан Қазақстан қытай шекарасына, кейін Жаркент шекара жасағына ауыстырылды. Осы қызметте жүрген кезінде ол туған жерге оралуды ойлап, аумақтық мемлекеттік қауіпсіздік органдарына көшу туралы баянат ұсынды. Министрлік рұқсат бергеннен соң Қарағандыға жолдама алды. 1958 жылы Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің Жезқазған бөліміне ауысып, 1964 жылы майор шенімен отставкаға шықты.
Әскери қызметтен соң Ибрагим Қорғанбеков қалада құрылған тұрмыстық комбинаттың бірінші директоры болды. Ардагер жөндеу-монтаждау мамандандырылған басқармасын құруда да өлшеулі үлес қосты. Аталмыш басқармада Ибрагим Қорғанбеков еңбек демалысына шыққанға дейін 25 жылдан аса еңбек етті. Өмірлік жары болған Нәписа Шенеуовамен жарты ғасырға жуық бірге өмір сүрді. Нәписа Шенеуқызы білім беру ісіне еңбегі сіңген құрметті ұстаз атанды. Ұзақ жыл Жезқазған қаласындағы №8 мектеп-гимназиясына басшылық жасады. Екі ұл, бір қыз тәрбиеледі. Ибрагим Қорғанбеков 2014 жылы 91 жасында өмірден өтті.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.