Жұма, 6 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Шарайна

Ерекше күтімдегі балаларды оңалту орталығы ашылды

15.11.2024
- Шарайна
0
Ерекше күтімдегі балаларды оңалту орталығы ашылды
90
БӨЛІСТІ
249
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Өңірде ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған тұңғыш облыстық оңалту орталығы ашылды. Бұл Ұлытау облысы әкімдігі мен «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының бірлесе қолдауының арқасында мүмкін болды.

«Қазақстан халқына» қоғамдық қайырымдылық қоры тікелей Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған. Аз ғана уақытта қор бірнеше игілікті істің басы-қасынан табыла алды. Айта кетейік, бұл – аталған қордың қолдауымен ашылып тұрған аймақтағы алғашқы нысан емес.

– «Қазақстан халқына» қорымен белсенді жұмыстар тізбегі жалғасын тауып жатқаны бәрімізді қуантуда, – деді облыс басшысы Дастан Рыспеков бұл ретте. – Бұған дейін қор 360 миллион теңгеден астам қаржыға өңірдегі 4 әлеуметтік жобаға қолдау көрсеткен. Біздің бүгінгі басты міндет – осы әлеуметтік нысандардың әлеумет игілігіне сапалы қызмет көрсетуін ұйымдастыру және қадағалау.

Сондай-ақ оқыңыз

Облыстық дебат турнирі

Облыстық дебат турнирі

14.03.2025
Жол сапасын бақылау бойынша семинар өтті

Жол сапасын бақылау бойынша семинар өтті

14.03.2025

Осынау оқиғаға орай Жезқазған қаласына атбасын тіреген «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының төрағасы Болат Жәмішев бұл жобада барлығы бүге-шігесіне дейін жан-жақты ойластырылғанын айта келіп, 2025 жылдың соңына дейін «Қазақстан халқына» қоры республика бойынша осындай 6 орталықты пайдалануға беруді жоспарлап отырғанын жеткізді. «Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» АҚ бірлесе аутизмі бар балаларға арналған арнайы дамыту орындарын да ашпақпыз», – деді.

Жаңа орталық 3 пен 18 жас аралығындағы балаларға арналған. Жыл сайын 600 баланы қабылдай алатын мүмкіндікке ие. Ал, облыста ерекше күтімге зәру 1500-ге жуық бала бар. Сондықтан, алда аталған бағыттағы жұмыстар жалғасын таппақ.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Бейсенбаевтің айтуынша, мұндай орталықты болашақта Жаңаарқа ауданында да ашу жоспарлануда. Қазіргі таңда жаңа ашылған орталықтан айына 50 бала емделіп шығады.

Оңалту орталығына қажетті мамандарды оқыту және біліктіліктерін арттырып, қайта даярлау жұмыстары демеушілер есебінен жүргізілген. Әлеуметтік нысан Абай көшесі, 3 мекенжайында орналасқан.

Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.

Бөлісу36Твитерге23
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Мемлекет тірегі – тәртіп

Мемлекет тірегі – тәртіп

30.05.2025
Балалардың денсаулығы – назарда

Балалардың денсаулығы – назарда

30.05.2025
Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

30.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру