Сейсенбі, 11 Тамыз , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Ғибрат

Ер есімі –Ел есінде

05.05.2023
- Ғибрат
0
Ер есімі –Ел есінде
153
БӨЛІСТІ
425
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

№3 жалпы білім беретін мектепте ҚР ІІМ «Сұңқар» әскери арнайы жасағының командирі, полиция подполковнигі Ерден Сауытовты еске алу шарасы өтті.

Аталған мектептің түлегі Ерден Сауытовты еске алып, құрмет көрсету білім ошағында дәстүрге айналған. Полиция подполковнигі  1975 жылы Шахтинск қаласында дүниеге келген.  Еңбек жолын, 1993 жылы бастады.  Ол республика аумағында орын алған көптеген күрделі операцияларға және қауіпті қылмыскерлерді ұстауға қатысты. 1996 жылы ҚР Ішкі істер министрлігінің «Сұңқар» арнайы жасағына ауыстырылады. Ол әзірлеген арнайы күштерді даярлау әдістерін елдің көптеген арнайы бөлімшелері әлі күнге дейін қолданып келеді. Шараны Ұлытау облыстық ішкі істер органдары ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманбек Мұқатаев ашып, жүргізіп отырды. Жиынға арнайы шақырылған Алматы қалалық ішкі істер органы және ұлттық гвардия ардагерлер кеңесінің төрағасы генерал-майор Сағынжан Асыл-Кеңей «Қазақстан полициясына – 30 жыл» Құрмет грамоталарын полиция қызметкерлері мен ардагерлеріне және мектеп басшылығына табыстады.

Іс-шараның бірінші бөлігінен кейін «Арлан» жауынгерлері өнер көрсетті. Бұдан соң 6-8-сынып оқушылары арасында Ерден Сауытовты еске алуға арналған волейболдан мектепішілік турнирі басталды.

Әріптестері Ерден Сауытовты ұжымда беделді, өз ісінің нағыз маманы  ретінде еске алады.  Ол кәсіби деңгейін үнемі жетілдіріп отырған. Қамқор әке, адал жар да бола білген. «Елі барда Ерденнің есімі ұмытылмайды. Оның ерлігі бейбітсүйгіш жастар үшін үлгі», – дейді жақындары.

Гүлім Маратқызы.

 

Бөлісу61Твитерге38

Көп қаралған

  • Қазақстан цифрландырудың жаңа деңгейіне қадам басуда

    Қазақстан цифрландырудың жаңа деңгейіне қадам басуда

    70 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 18
  • ЕСЕТ БАЙКЕН ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ МЕН АУЫЛДЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ ЖАЙ-КҮЙІН БАҚЫЛАДЫ

    70 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 18
  • День Абая

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • 🧹 ҚОҚЫС СІЗДІКІ БОЛМАСА ДА, ТАЗАЛЫҚ — СІЗДІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІҢІЗ!

    69 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 17
  • 🧹 МУСОР МОЖЕТ БЫТЬ НЕ ВАШИМ, НО ЧИСТОТА — ВАША ОТВЕТСТВЕННОСТЬ!

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру