Сенбі, 21 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Мерей

Еңбектерімен елеулі

17 желтоқсан – Энергетиктер күні

15.12.2023
- Мерей
0
Еңбектерімен елеулі
82
БӨЛІСТІ
229
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Өндірістің қай буыны болсын энергия қызметі мамандарының жұмысымен қатар жүзеге асады. Сондықтан энергетика саласы майталмандарының  кәсіби біліктілігі әрқашан  өндірісте басымдыққа ие.

Біз сөз еткелі отырған мамандандырылған  энергия жөндеу басқармасы энергетиктерінің  өңірдегі нысандарға қызмет жасаудағы еңбегі елеулі. Сала мамандарының кәсіби мерекесіне орай біз  аталған басқармада болып, бүгінгі бет алысын байқап қайтқан болатынбыз.

Бізді күтіп алған басқарманың бас инженері Сергей Михайлец бірден кәсіпорынның жұмысы жайлы сөз қозғады.

– Мамандандырылған энергия жөндеу басқармасы негізінде екі кәсіпорынның бірігуінен құрылған. Алғашында  мамандандырылған энерготехникалық жабдықтарды жөндеу және  монтаждау жөніндегі  басқарма өз алдына жеке құрылым болса, электр жөндеу цехы еншісі бөлек бөлім болатын.  Кейіннен осы екі құрылымды біріктірудің нәтижесінде  мамандандырылған энергия жөндеу басқармасының жұмысы жолға қойылды.  Бұл басқармада электр монтаждау, сантехникалық монтаждау, электржөндеу телімдері,  желдеткіш желілері және құбыр жөндеу цехы бар. Басқармада қазіргі күні үш жүзге жуық адам еңбек етуде.

Сондай-ақ оқыңыз

№2 Бекет.  «Қызмет ету барысында оқыс оқиға болған жоқ»

№2 Бекет. «Қызмет ету барысында оқыс оқиға болған жоқ»

28.03.2025
Мерейлі мереке

Мерейлі мереке

14.03.2025

Біздің негізгі қызметіміздің құзырына  технологиялық, энергетикалық және электртехникалық жабдықтарға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, монтаждау, қайта құрылымдау, жаңғырту сынды міндеттер кіреді.  Сонымен қатар тұрақты және айнымалы токтың электр машиналарын, күштік трансформаторларды, іске қосу-баптау жабдығының катушкаларын жөндеу сынды жұмыстарды да біздің басқарманың электриктері мінсіз атқарып келеді.

Басқару құрылымы бірнеше мәрте өзгергенімен басқарма ұжымы өзінің алға қойған мақсат-міндетін орындауда жолынан жаңылып көрген жоқ. Қазіргі таңда басқармаға энергетика саласының білікті маманы, іскер ұйымдастырушы Абюр Төлеуов басшылық жасап отыр.  Абюр Абюрханұлының басшылығының арқасында цехтарда  еңбек өнімділігін арттырып, қол жұмыстарын барынша жеңілдетуге мүмкіндік қалыптасып келеді.

Ауыр қозғалтқыштарды жөндеп, іске қосу қол жұмысын қажет етеді. Осыны ескерген басшылық ол үдерісті жеңілдетуге көңіл бөлді. Нәтижесінде «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС «Жезқазғантүстімет» ӨБ басшылығының қолдауының арқасында басқарма телімдерінде жүйелерді жаңғырту жұмыстары жүзеге асты. Жұмыс жағдайында біздің энергия қызметінің мамандары үнемі қауіпсіздікті ескеріп отырады, – дейді Сергей Владимирович.

Сергей Михайлец – бұл салада 37 жыл еңбек өтілі бар майталман маман. Ол еңбек жолын 1986 электр цехында электр монтер болып бастаған. Кейіннен шебер, аға механик, телім және цех басшысы қызметтерін атқарды. Тәжірибесі толыққан білікті маманды басшылық басқарманың бас инженері қызметіне тағайындады. Сергей Владимирович осы жылдар ішінде бірнеше буын жасты кәсіпке баулыды. Қазір олардың көбі басқарманың түрлі буындарында еңбек етіп жүр.

Сергей Владимировичтің салаға қосқан еңбегін «Қазақмыс» корпорациясы басшылығы бағалаусыз қалдырмады. Бірнеше мәрте «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасының Құрмет грамотасымен, «Қазақстан Тәуелсіздігіне – 30 жыл» мерекелік медалімен марапаттады.

Білікті инженердің айтуынша, басқарманың энергетиктері жылды табысты қорытындылауға ниетті. Бұл дегеніңіз –  еңбек жағдайында қауіпсіздік жоспарының толық орындалуы мен электр жүйелеріндегі сапалы жұмыс. Осы басты қағидаларды қалыптастыруда басқарма ұжымы бірлесіп тер төгуде.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Суретте: бас инженер
Сергей Михайлец.

 

Бөлісу33Твитерге21
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Шолпан шапағы

Шолпан шапағы

13.06.2025
«Комсомол»  колхозы

«Комсомол» колхозы

28.03.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Ұлытау төрінде «Көкмайса-2025» фестивалі өтті

Ұлытау төрінде «Көкмайса-2025» фестивалі өтті

20.06.2025
«Қазақмыс» Бағдар: Еңбек қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

«Қазақмыс» Бағдар: Еңбек қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

20.06.2025
Әлемдегі тау-кен мектебі облыста филиалын ашады

Әлемдегі тау-кен мектебі облыста филиалын ашады

20.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру