Сәрсенбі, 21 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

16.05.2025
- Жаңалықтар
0
Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

Суретте: Ерғазиновтар әулеті.

66
БӨЛІСТІ
184
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Отбасы – шағын мемлекет. Осы мемлекеттің ынтымағы мен бірлігі, ондағы ұрпақтар сабақтастығы мен сол отбасыға тән дәстүрлердің ғасырларға жалғасуы  әулеттің көшбасындағы аға буынның салған сара жолына байланысты болмақ.

Біздің өндірісті өлкеде  қоғамның дамуына үлес қосып жүрген әрбір отбасының  түп негізінде  атадан мирас болған кәсіпті ұстанып қалған әулеттер баршылық. 15 мамыр – Отбасы күніне орай біз бір ғасырлық еңбек жолының шежіресін қалыптастырған Ерғазиновтар әулеті жайында сөз еткенді жөн көрдік.

Біз сөз еткелі отырған Ерғазиновтар әулетінде ата жолын ұрпаққа үлгі ету деген отбасылық құндылық берік қалыптасқан. Ерғазыдан тараған 4 ұл болса. Соның Төлеуі мен Шәмшісі ғұмырларын кен өндірісе арнаған.

Сондай-ақ оқыңыз

Кеңгірге газ келеді

Кеңгірге газ келеді

16.05.2025
Баубек Бұлқышевқа арналды

Баубек Бұлқышевқа арналды

16.05.2025

Төлеу Ерғазинов 1930 жылы «Төртінші» елдімекенінде орналасқан № 8 шахтада еңбек етсе, бауыры Шәмші Қарсақбайдағы № 12 шахтада еңбек жолын бастап, 1940 жылы геология саласына бет бұрған. 1943 жылы бұрғылау жұмыстарына жауапты ауысымда мастер, 1945 жылы кезекші бұрғылау бөлімінде аға мастер болған. 1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы еңбек майданындағы ерлігіне сай тыл ардагері атанды. Қос алыптың соңынан ерген Баязит ұзақ жыл Ғ. Омаров атындағы шахтапроходкалау трестінде еңбек етті. Әбітай мен Мәшірбек те өз дәуірінде қоғам дамуына еңбектерімен үлес қосты.

Төлеу мен Шәмші, Баязит Ерғазиновтардың ұрпақтары аталар салған жолды лайықты жалғастырып келеді. Шәмшінің ұлдары Сәттар, Мансұр да еңбекпен абыройлы болды.

Шәмші атаның немересі Серікболат Ерғазинов осы әулеттің еңбек дәстүрін жалғастырып келе жатқан азамат. Оның әкесі Сатыпалды Ерғазинов «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС электр жөндеу цехында электр жабдықтарды жөндеуші болды. 1975 жылдан 2021 жылы зейнет жасына жеткенше табан аудармастан бір мекемеде жұмыс істеді. Анасы Нұргүл Құсайынова да осы цехта 41 жыл еңбек етті. Сым ораушы мамандығын кәсіп еткен Нұргүл Әубәкірқызы «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған. Сатыпалды Шәмшіұлы мен Нұргүл Әубәкірқызы осы жерде танысып, шаңырақ көтерді. Олар үш ұл, бір қыз тәрбиелеп өсірді. Серіболат, Серікболат, Ботакөз, Дамирлан да кен өндірісімен өмірлерін байланыстырған.

Серіболат Оңтүстік Жезқазған кеніші № 45 шахтада бұрғылаушы болып еңбек етті. Қазір өз шаруашылығын дөңгелетуде. Серікболат пен Дамирлан – «Қазақмыс Мэйнтенанс Сервисиз» ЖШС-нің сервистік учаскелерінде. Ботагөз «Батыс» кеніші № 67 шахтада іс жүргізуші.

Серікболат Сатыпалдыұлын әңгімеге тартқанымызда оның аталар салған сара жолға берік екендігін аңғардық. Көшбасшы буынның ерлігі мен еңбегін ұмытпай, барлығын қағазға түсіріп алған оның өткен тарихқа, өз әулетінен шыққан тұлғаларға деген құрметі ерекше екендігі қуантты.

– «Өткенсіз бүгін жоқ», дейді ғой дана халқымыз. Аталарымыз бен әкелеріміздің жолын ұмытпай, ұлықтау парыз. Өйткені, біздің отбасылық құндылығымыздың негізі осы алдымыздағы буынның жолымен жалғасып келеді. Мен өзім еңбек жолымды кезінде «Қазақмыс» корпорациясының құрамында болған автокөлікпен тасымалдау кәсіпорынында автоэлектрик болып бастадым. Учаске мастері, автоколонна басшысы қызметтерін атқардым. 2011 жылы «Қазақмыс Мэйнтенанс Сервисиз» ЖШС-нің Оңтүстік Жезқазған кеніші № 65 шахтадағы сервистік учаскесіне жерасты тау-кен техникаларын жөндеу бойынша слесарь болып жұмыс істеймін. Інім Дамирлан да ізімді өкшелеп, осы «Қазақмыс Мэйнтенанс Сервисиз» ЖШС-нің «Анненск» шахтасындағы сервистік учаскеде еңбек етіп келеді.

Аталарымыз бен әкелеріміздің, ағаларымыздың жолын үлгі тұта отырып, еңбекте абыройлы болуға тырысып келеміз. Қазіргі таңда өңірдегі өндіріс ошақтарында бір атадан тараған ұрпақтан әкелеріміздей болған Жұма, Мансұр, Кәрімжан, Асқар ағаларымыз да кен өндірісінде еңбек еткен. Мұхтар, Марат, Қайрат, Дулат, Алмат, Дәулет, Нұрланның еңбек жолы қазір де жалғасын табуда. Қанат ағамыз бірнеше жыл өндірісте еңбек етіп, қазір денсаулығына байланысты жеңіл жұмыста.

Ізімнен ерген інілерім де өздерінің кәсіби шеберліктерімен танылып кепеді. Дамирлан, Саят, Cанат, Азамат, Сұңғат, Жанболат, Ерболат, Ерғали ата жолын берік ұстануда. Біздің Ерғазиновтар әулетінің үшінші буыны көшбасшы буынның еңбектегі ерен істерін ұмытпайды, – деді Серікболат Сатыпалдыұлы.

Серікболат Ерғазинов өзінің кәсіби шеберлігінің арқасында ұжымда сыйлы. Оның іскерлігін бағалап басшылық былтыр ІІІ дәрежелі «Кенші даңқы» төсбелгісімен марапаттады.

Серікболат Сатыпалдыұлы Толғанай Әбілғазықызымен үш бала тәрбиелеп отырған ардақты жандар. Толғанай Ерғазинова – «Жезқазған медициналық орталығы» ЖШС-інде медбике.

Еңбектерімен ерлеген Ерғазиновтар әулетінің ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жатқан игі дәстүрі бүгінгі жас буынға өнеге болмақ.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Бөлісу26Твитерге17
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

16.05.2025
Кеңгірге газ келеді

Кеңгірге газ келеді

16.05.2025
Баубек Бұлқышевқа арналды

Баубек Бұлқышевқа арналды

16.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру