Жұма, 13 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Еңбек адамы

Еңбекпен келген бақыт

01.03.2024
- Еңбек адамы
0
Еңбекпен келген бақыт
93
БӨЛІСТІ
259
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Бақыт Садырбековтың өнегелі өмір жолы – кейінгі буынға үлгі боларлық үлкен өмір мектебі. Себебі, ол жетістіктерге тек өз күші, өз мүмкіндігі мен адал еңбегі арқылы қол жеткізді. Өткен жылы ол Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Бәкең туралы сөз етерден бұрын біз оның өмір дерегін біршама зерделеп көрдік. Ол 1963 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келгенімен, балалық бақытты шақтарын осы қазыналы өңірде өткізіпті. Еңбек жолы да мысты өңірде өрілген. 1983 – 1997 жылдары аралығында Батыс Жезқазған кенішіне қарасты № 55 шахтада 4-разрядты үңгілеуші болып  еңбек етті. Ал, 1997 жылдан бастап «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-нің Шығыс Жезқазған кенішіне қарасты № 57 шахтасына ауысып, осы күнге дейін  аттырушы болып жұмыс істеп келеді.

Еңбек адамының қоғамда қашанда орны ерекше, абыройы биік. Тынымсыз қызмет етіп жүрген еңбек адамдары үлкен құрметке лайық. Бақыт Ақбасұлы да өзінің адал еңбегімен қоғамға белгілі пайда әкеліп жүрген азаматтың бірі, кеніш саласының еңбек ардагері, күні бүгінге дейін осы салаға аянбай тер төгіп жүрген үздік мамандық иесі.

– Біздің кезімізде жастардың селтеңдеп көшеде бос жүргені ұят саналатын. Жұмыссыз жастармен комсомол ұйымы тікелей айналысса, оған қоса учаскелік милиция тіркеуге алып, не себепті жұмыссыз жүргенін анықтап, ата-анасымен сөйлесетін. Ауылдық жерлерде СПТУ-дың филиалдары жұмыс жасап, бос жүрген жастарды трактор, машина жүргізуге оқытып, үйретіп, техникаларды игеруге бағыттайтын. Сол курсты бітіргенше, курсанттарға ұмытпасам 12 сом стипендия төлейтін. Кейін жастар шаруашылыққа жұмысқа алынып, комбайн, трактор, машина рөліне отырып, күзгі егін жинауға, мал азығын дайындау науқандарына қатысатын. Бұны айтып отырған себебім, бүгінгі қоғамда сенделіп, бос жүрген жастар қарасы көп. Оқу бітіргендердің өзі ұсынылған жұмыстың жалақысын азсынып, оған барғылары жоқ. Сондықтан ауылда болсын, қалада болсын жастармен жұмыс жасайтын ұйымдар кешегі кезеңнің тәжірибелерін ескеріп, жастарды жұмысқа жұмылдырса, қылмыс та, келеңсіз жағдайлар да азаяр ма еді, – дейді Бәкең әңгіме арасында.

Сондай-ақ оқыңыз

Ел үшін туған азамат

Ел үшін туған азамат

25.04.2025
Білікті маман, іскер ұйымдастырушы

Білікті маман, іскер ұйымдастырушы

14.02.2025

Расында ол кезеңнің жастарды жұмысқа тартуының жақсы жақтарын біз де көзімізбен көріп, басымыздан өткердік қой. Одан еш жамандық көрмедік. Қайта, еңбекке ерте ысылдық. Бақыт Ақбасұлының да бүгінгі биік белестерге жетуі сол кездегі талап пен тәжірибенің жемісі десек болады. Ол жұмыс барысында өзінің кәсіби деңгейін үнемі жетілдіріп отырады, жастардың тәжірибелі тәлімгері ретінде үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Өз ісінің білікті маманы. Мамандығы бойынша жоғары деңгейлі білімге ие, технологиялық процесті жетілдіру бойынша үнемі жұмыс істейді, еңбек өнімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға белсенді қатысады. Өндірістік тапсырмаларды орындау бойынша жұмыстарға аса жауапкершілікпен қарайды. Мұны мен емес, Бәкең еңбек ететін ұжымның басшылары айтып отыр.

Өндірісте 44 жыл еңбек еткен Бақыт Садырбековтың қол жеткізген жетістіктері де аз емес. Кеніштерде толассыз атқарған еңбегі үшін 2013 жылы «Кенші даңқы» төсбелгісінің III дәрежесін алса, 2017 жылы осы төсбелгінің II дәрежесін кеудесіне тақты. Ал, 2020 жылы «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Огайдың Құрмет грамотасымен марапатталды.

«Сегіз ұлым бір төбе, Ертөстігім бір төбе» деп Ерназар бай айтпақшы, Бәкең үшін аталған марапаттар бір төбе де, былтыр Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Мемлекет басшысының Жарлығымен марапатталған «Ерен еңбегі үшін» медалі бір төбе. Ең бастысы, осы марапаттарға ол өз еңбегімен жетті. Еңбекпен келген бақыт деген осы емес пе.

Ізбасар ОЙБАС.

Бөлісу37Твитерге23
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
«Комсомол»  колхозы

«Комсомол» колхозы

28.03.2025
Сапалы өнім өндіруде

Сапалы өнім өндіруде

06.06.2025
Су құбырларын жаңартуға жұмсалады

Су құбырларын жаңартуға жұмсалады

06.06.2025
Жаңа демалыс аймағы ашылды

Жаңа демалыс аймағы ашылды

06.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру