«КәсіпҚорған» кәсіподағы – «Қазақмыс» корпорациясының өндірістік құрылымдарындағы еңбек жағдайы мен қауіпсіздік саясатын нығайту бағытында сындарлы стратегиясы қалыптасқан ұйым.
Өндірістік жарақаттардың азайып, жұмысшылардың қолайлы еңбек жағдайында еңбек етуі үшін кәсіпорындардағы «КәсіпҚорған» кәсіподағы комитеті мен бастауыш ұйымдарындағы төрағалар үнемі жұмысшылардың қасынан табылып, ұжымдармен туындаған мәселелерді шешуге атсалысып келеді.
Шалғайдағы «Жомарт» кенішіндегі «КәсіпҚорған» кәсіподағы комитетінің төрағасы МанасҚоштаев жақында кеніште болып, жетіқат жер астында кен өндірген кеншілердің жағдайымен тағы бір мәрте танысып, олардың тарапынан туындаған сұрақтарға жауап берді. Төрағамен бірге кеніш, шахта инженерлері, өндірістік бөлім басшысы, бас энерегтик пен телім басшылары өндіріс нысанындағы ахуалға сараптама жасады.
Бағдат АЙТӨРЕҰЛЫ.