Сейсенбі, 20 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Топжарған

«Еңбек даңқы» – озаттарға

29.12.2023
- Топжарған
0
«Еңбек даңқы» – озаттарға
107
БӨЛІСТІ
298
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Жыл айрығында өндірістің өркендеуіне үлес қосқан «Қазақмыс» корпорациясының озат еңбеккерлері түрлі дәрежедегі марапаттарға ие болуда. Мұндай марапаттың легі Жезқазған өндірістік аймағына да келіп жетті.

2023 жылдың өндірістік көрсеткіштерін межелі деңгейге жеткізіп, еңбек өнімділігін арттырған «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС «Жезқазғантүстімет» ӨБ еңбеккерлерінің омырауына төсбелгілер тағылды. Осындай салтанатты шара өндірістік бірлестіктегі «КәсіпҚорған» кәсіподағы комитетінің төрағасы Гүлнәзия Тәжібаеваның ұйытқы болуымен өтті. Жыл қорытындысы бойынша үш бірдей өндіріс озатына үшінші дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісі тапсырылды. Жиынға «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС «Жезқазғантүстімет» ӨБ бас инженері Жасұлан Байниязов қатысып, оларды марапаттады.

Еңбектегі жеке үлестері үшін «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Тау-кен, байыту кешені «Жезқазғантүстімет» ӨБ көлік бөлімінің бас маманы Мұратбек Жұмағұлов пен өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау бөлімінің бас маманы Данияр Хамзин, энергетик күніне орай энергетика басқармасы жылумен, сумен жабдықтау бөлімінің бас маманы Андрей Мацкевич үшінші дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісін омырауларына жарқырата тақты.

Өндірістік бірлестіктің бас инженері Жасұлан Байниязов пен «КәсіпҚорған» кәсіподағы комитетінің төрағасы Гүлнәзия Тәжібаева марапатқа ие болған еңбек озаттарына алғыстарын білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Сондай-ақ оқыңыз

Ел үшін туған азамат

Ел үшін туған азамат

25.04.2025
Қауіпсіздікке қалқан болғандар

Қауіпсіздікке қалқан болғандар

29.11.2024

Марапатқа ие болғандардың бірі Мұратбек Жұмағұловты әңгімеге тартқан болатынбыз.

– «Қазақмыс» корпорациясының көлік бөлімінде еңбек еткеніме биыл 17 жыл толыпты. Осы жылдар ішіндегі еңбегімнің бағаланғанына қуаныштымын. Бұл марапат менің ғана емес, тұтас бөлім қызметкерлерінің еңбегіне баға деп білемін. Диас Тастеміров басшылық жасайтын бөлім Жезқазған, Қарағанды, Балқаш қалалары бойынша жеңіл көлік пен теміржол қатынастарын, жүк, кенді тасымалдауды реттейтін ірі кешен болып табылады. Мұнда он үш адам еңбек етуде.

Бөлім бірнеше мәрте басқарма, департамент болып құрылымы өзгергенімен, басты ұстанымынан айныған жоқ. Еңбегімді бағалаған «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС «Жезқзғантүстімет» ӨБ басшылығына, бөлім басшысы мен «КәсіпҚорған» кәсіподағы комитетіне алғысымды білдіремін. Жаңа жылда өндірістің табысты болуына үлесімізді қоса береміз, – деп сөзін түйіндеді Мұратбек Ғаппасұлы.

Жылды жағымды да сүйінші жаңалықпен, марапатпен қорытындылаған өндіріс озаттарының Ұлу жылында да абыройлары асқақтай берсін демекпіз.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Бөлісу43Твитерге27
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

15.05.2025
С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

15.05.2025
С. Жақыпова Ұлытау облысының әкімі және активімен бірге мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру барысын талқылады

С. Жақыпова Ұлытау облысының әкімі және активімен бірге мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру барысын талқылады

15.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру