Жексенбі, 1 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Кәсіподақ тынысы

Еңбек бәсекесі үздіктерді анықтады

12.07.2024
- Кәсіподақ тынысы
0
Еңбек бәсекесі үздіктерді анықтады
96
БӨЛІСТІ
267
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Жерасты техникаларына сервистік қызмет көрсету, шахта мен байыту фабрикаларына жабдықтар дайындау кешенінің басын біріктірген «Қазақмыс МэйнтенансСервисз» ЖШС қарасты тау-кен, шахта жабдықтары зауыты мен «Жезқазғансервис» кәсіпорнының үздік еңбеккерлері марапатқа ие болды.

Биылғы жылдың І тоқсанында техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын жүзеге асыруда оң нәтижеге қол жеткізген қос кәсіпорын еңбеккерлерін ұлықтау салтанатын «КәсіпҚорған» кәсіподағы мен «Jastar Bolashaq» Жастар одағы бірлесе ұйымдастырды. Еңбек бәсекесі аталған компанияның дәстүріне айналғалы да біршама уақыт өтті. Табысты да қауіпсіз еңбек ортасын қалыптастыруда «Үздік басшы» номинациясы «Торо» сервистік телімінің басшысы Дархан Сағындықов пен жөндеу-дайындау телімінің басшысы Шыңғысхан Баймұханға бұйырды.

«Анненск» шахтасындағы сервистік телім басшысы Бақытжан Тлемісов пен ұста-дәнекерлеу цехының шебері Баянды Асановқа «Үздік механик» аталымы берілді.

«Еңбекті қорғаудағы белсенділігі үшін» аталымына № 55 шахтадағы сервистік телімнің темір жонушысы Болатбек Нұрахметов және электр-механикалық телімнің басшысы Андрей Вольчук лайық деп танылды.

Сондай-ақ оқыңыз

Саясатсыз сапалы қызмет

Саясатсыз сапалы қызмет

08.03.2025
Әлеуметтік қорғау – басты орында

Әлеуметтік қорғау – басты орында

28.02.2025

«Кәсібінің үздігі» аталымын «Жомарт-2» сервистік телімінен Ақтөре Байзақ, агрегаттық цехтың слесарь-жөндеушісі Нұрғазы Асансейтов иеленді. «Үздік тәлімгер» номинациясы электр-механикалық цехының слесарь-жөндеушісі Антон Горбарук пен, № 73-75 шахтадағы сервистік телімінің электрслесарі Шамсуддин Лепшаковқа бұйырды.

«Үздік жас жұмысшы» номинациясына «Сары-Оба» шахтасындағы №1 сервистік телімнен Марғұлан Сабыров пен механикалық цехтың шебері Данияр Қазнабеков қол жеткізді.

Еңбек бәсекесінде үздік шыққандар І,ІІ,ІІІ орындармен марапатталды. Атап айтқанда, жарыстың ІІІ орнын № 67 шахтадағы № 2 сервистік телім бригадирі Нұрбол Байкенжинов алса, ІІ орынның жүлдесі «Анненск» шахтасындағы сервитік телім басшысы Бақытжан Тлемісов пен тау-кен шахталық жабдықтар зауытының әкімшілік-шаруашылық бөлім басшысы Любовь Эйферттің еншісіне тиді.

Ал, І орынды «Белаз» сервистік телімінің басшысы Ернат Бектемисов, тау-кен шахталық жабдықтар зауытының ұсталық дәнекерлеу телімінің басшысы Меиржан Құлжанбеков өзара бөлісті.

Екі ұйымның біріккен еңбек жарысы «Қазақмыс МэйнтенансСервисз» ЖШС құрамындағы кәсіпорындарда жұмысты сапалы жүзеге асырумен қатар еңбекті қорғау талаптарын сақтауға ынталандырады.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

 

 

 

 

Бөлісу38Твитерге24
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Мемлекет тірегі – тәртіп

Мемлекет тірегі – тәртіп

30.05.2025
Балалардың денсаулығы – назарда

Балалардың денсаулығы – назарда

30.05.2025
Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

30.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру