Сейсенбі, 3 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Еңбегінен ел таныған азамат

21.01.2022
- Жаңалықтар, Топжарған
0
Еңбегінен ел таныған азамат
96
БӨЛІСТІ
266
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

«Адал еңбекпен мал іздемек арлы адамның ісі» деп бекер айтпаса керек. Еңбек ету қашанда берекенің бастауы саналады. Сонда ғана адам жетістіктерге жете алады.

«Бейнет түбі – зейнет» екендігін ертеден ұғынған бабаларымыз барлық игіліктің тек еңбекпен келетіндігін айтқан. «Маңдайы терлемегеннің қазаны қайнамайды» деп те жатамыз. Табыстың кілтін тынымсыз еңбекпен ұштастырып, өндіріс саласында толайым табысқа жеткен аға буынның өнегелі өмір жолын қалай дәріптесек те артық емес. «Қазақмыс» корпорациясының «Жезқазғантүстімет» ӨБ Құю-механикалық зауытында металлургияның жілігін шағып, майын ішкен азаматтардың қатарында Нұрмұханбет Әжіғұловтің есімі жиі аталады.

Нұрмұханбет Ідірісұлы еліміздің металлургиясының қарашаңырағы саналатын Қарсақбайдың тумасы. Қасиетті мекенде бір кездері даңқты металлургтердің ізі мен ісі қалған құтты мекеннің қаракөз баласы осы салаға жастайынан бейім болды. 1976 жылы Қарағанды политехникалық институтына металлург мамандығы бойынша оқуға түсті. Оны 1981 жылы тәмамдап, жолдамамен Жезқазған тау-кен металлургия комбинатына жұмысқа жіберілді. Міне, содан бері арада 41 жыл уақыт өтіпті. Өзі еңбек жолын бастаған құю-механикалық зауытында табан аудармастан еңбек етіп келеді.

Өнеркәсіп ошағындағы әр үлгіде болат құю цехында шебер болып басталған еңбек жолы Нұрмұханбет Әжіғұловті биік белестерге жетеледі. Атап айтқанда, цех басшысының орынбасары, цех басшысы, зауыттың бас инженері, бас металлург сынды жауапты міндеттерді атқарды. 1997 жылдан бері шойын құю цехына басшылық жасап келеді. Өндірісте мол тәжірибесі бар Нұрмұханбет Ідірісұлы тек кәсіби маман атанып қойған жоқ, ол сонымен қатар, зауытқа жұмысқа орналасқан талай жастың томағасын сыпырып, қанатын қатайтты.

Сондай-ақ оқыңыз

Мемлекет тірегі – тәртіп

Мемлекет тірегі – тәртіп

30.05.2025
Балалардың денсаулығы – назарда

Балалардың денсаулығы – назарда

30.05.2025

– Өндіріс бұл өзің үйрене жүріп, өзгені де мамандығына баулуды қажет ететін сала. Кезінде бізді де аға буын тәрбиеледі, кәсібіміздің бағыт-бағдарын түсіндірді. Соның арқасында біз мықты мектепте шыңдалдық. Қырық бір жылдық еңбек тәжірибемді жастармен бөлісіп, оларды үйрету менің де азаматтық парызым деп білдім. Сондықтан осында жүрген біраз жастың кәсібінде шыңдалуына септігім тиді деп ойлаймын.

Қазір мен басшылық жасап отырған цех зауыттағы негізгі 4 цехтың бірі. Мұнда шойын құйылып, «Қазақмыс» корпорациясының түрлі құрылымдарының тапсырыстары бойынша, орташа және күрделі бөлшектер дайындалады. Өткен 2021 жылды біздің ұжым жоспар жағынан да өндірістік қауіпсіздік саясатын еңсеру бойынша да табысты түйіндеді. Мұнда ұжымның үлесі қомақты, – дейді Нұрмұханбет Әжіғұлов.

Еңбегімен елінің құрметіне кенелген Нұрмұханбет Ідірісұлының өндірісті дамытудағы үлесі бағалаусыз қалмады. Омырауында «Еңбек даңқы» төсбелгісінің үшеуі де жарқырайды. Былайша айтқанда, толық кавалер.

– Нұрмұханбет Ідірісұлын көптен білем. Тәжірибелі маман ретінде қандай қызметтерді де болсын мінсіз атқарып, осы салада табан аудармастан қырық жылдан астам еңбек етіп келеді. Осындай мамандардың арқасында біздің жұмысымыз жанданып, тірлігіміз алға басуда. Нұрекеңнің бойында үлгі тұтарлық қасиет көп. Өзінен кейінгі жастарға өндірістің қыр-сырын үйретуде, – дейді зауыттағы «КәсіпҚорған» кәсіподағы комитетінің төрағасы Асқар Құлмағанбетов.

Өнегелі өмір жолын қалыптастырып, жас ұрпаққа үлгі бола білген Нұрмұханбет Әжіғұловтің еңбекпен мерейі үстем болды. Аптал азамат ұжымда майталман маман атанса, отбасында асқар тау әке, ақылшы ата. Ұрпағының Тәуелсіз елімізде өсіп-өнгенін бақытқа балаған Нұрмұханбет Ідірісұлы мемлекетіміздің тұтастығы мен бірлігін тілеп отырған жайы бар.

Бағдат АЙТӨРЕҰЛЫ.

Бөлісу38Твитерге24
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Мемлекет тірегі – тәртіп

Мемлекет тірегі – тәртіп

30.05.2025
Балалардың денсаулығы – назарда

Балалардың денсаулығы – назарда

30.05.2025
Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

30.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру