Сәрсенбі, 9 Шілде , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Өндіріс өрендері

Еңбегімен елеулі

23.09.2022
- Өндіріс өрендері
0
Еңбегімен елеулі
86
БӨЛІСТІ
238
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Жарты ғасырдан аса тарихы бар Ғ.Омаров атындағы шахтапроходкалау тресі «Қазақмыс» корпорациясына тиесілі кеніштердің құрылысын салу, үңгілеу жұмыстарына  жауапты ірі және жалғыз  құрылым.  Трестің қамту ауқымы кең. Бүгінде ол Қарағанды, Балқаш, Жамбыл облыстарындағы шахталарға қызмет көрсетеді. 

Қауіпсіз еңбекті алға тарта отырып, трест ұжымы еңбекте алда келеді. Қайрат Керімқұловтың басшылығындағы өндіріс нысанында аға буынның ізін жалғар жас буын өкілдері кен өндірісін жүйелі жүргізумен қатар, табысқа қол жеткізуде. Міне, сондай үміт күтер еңбеккердің бірі – Мәди Кәкенов.

Мәди Ерланұлы Ұлытау ауданы Шеңбер ауылының тумасы. Кәкен әулетінен шыққан алғашқы кенші. Ол тресте 2007 жылдан бері еңбек етіп келеді. Алғашында бетон құюшыдан басталған еңбек жолы үңгілеуші мамандығына жалғасты. Қазіргі күні «Жомарт» кенішіндегі трестке қарасты №12 күрделі тау-кен телімінде  үңгілеуші болып еңбек етіп жүрген Мәди Ерланұлы жас та болса қажыр-қайратын, күш-жігерін өзі таңдаған мамандыққа арнап келеді. Кен өндіру саласына араласқан 15 жыл ішінде ол мол тәжірибе жинақтады.

– Кен өндіру  саласында  кәсіби біліктілігі жоғары тәлімгерлердің мектебінен өттім. Осы «Жомарт» кенішінде телім ашылған жылдары басшылық қызметте болған Бейсенбек Бұлақбаевтан үйренгенім көп. Бейсенбек Мұханбетжанұлы өзі тәліміне алып, өндірісті бүге-шігесіне дейін үйретті.

Сондай-ақ оқыңыз

Қауіпсіздікке қалқан болғандар

Қауіпсіздікке қалқан болғандар

29.11.2024
Академик есімі қайта оралды

Академик есімі қайта оралды

22.11.2024

Қазіргі басшымыз Нұрбек Жаужанбайұлы Манаповтың іскерлігі мен өндірісті және ұжымды басқарып, ұйымдастыра білуінің арқасында телім жыл сайын жоспарды мезгілінен бүрын асыра орындап келеміз.  Марқұм Әділхан Нақыпов бригадирлік жасағын жылдары  қарамағындағы жігіттер үнемі алғы шептен көрінді.

Бригадаға жетекшілік жасап жүрген Талант Меңдібаев  ұжымды табысқа бастай білуде. Бригадада қатар еңбек етіп жүрген  үңгілеуші  Алмаз Қозыбаев, жарушылар   Октябрь Әйтенов,  Ринат Мұстафин жас болса да еңбекте ептіліктерімен көзге түсуде.

Қара күшті талап ететін кенші мамандығын игеріп, табысты болу мен үшін зор мақтаныш. Трест директоры Қайрат Ұзақұлы, телім басшысы Нұрбек Манапов еңбеккерлерді үнемі қолдап келеді, – дейді Мәди Кәкенов.

Кен өндіріс саласындағы жеке үлесі үшін Мәди Ерланұлы кенші мерекесінде «Jastar Bolashaq» Жастар одағы ұйымы арнайы тағайындаған «Дарынды жастар» төсбелгісімен марапатталды.  Өз ісіне деген адалдық пен жауапкершілік Мәди Ерланұлын абыройға кенелтті.  Мәди Кәкенов алдағы уақытта да еңбек бәсекесінде топ жарып, талай марапатқа кенелетіні сөзсіз.

Бағдат АЙТӨРЕҰЛЫ.

Бөлісу34Твитерге22
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Дулығалы мешіті

Дулығалы мешіті

27.01.2023
Шолпан шапағы

Шолпан шапағы

13.06.2025
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
Журналистерге құрмет үш күнге ұласты

Журналистерге құрмет үш күнге ұласты

04.07.2025
Автоматтандырылған жүйенің жағдайымен танысты

Автоматтандырылған жүйенің жағдайымен танысты

04.07.2025
Қаржы вице-министрі: «Әрбір жоба халық игілігіне қызмет етуі керек»

Қаржы вице-министрі: «Әрбір жоба халық игілігіне қызмет етуі керек»

04.07.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру