Сәрсенбі, 16 Шілде , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Еңбегімен елеулі

21.02.2025
- Жаңалықтар
0
Еңбегімен елеулі
73
БӨЛІСТІ
202
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

«Жезқазғансервис» кәсіпорнының № 57 шахтадағы сервистік телімінің жабдықтарға қызмет көрсету жөніндегі электрслесарі болып еңбек етіп жүрген Андрей Демичев – өзінің кәсібилігімен ұжымында беделге ие болған маман.

Ол 1991 жылы Жамбыл химиямеханикалық техникумында «Өндірістік кәсіпорындар мен қондырғылардың электр жабдықтары» мамандығы бойынша білім алды. Оның электрик-техник ретіндегі біліктілігі жоғары. Әскери қызметін өтеп, 1997 жылы осы салада 3 разрядты жерасты электрслесарі ретінде еңбек жолын бастады.Осы жылдар ішінде ол өз кәсібінің шебері атанып, электр жабдықтарындағы күрделі ақауларды шеберлікпен жөндей отырып, жоғары деңгейдегі маманға айналды. 30 жылдан астам уақыт бойы электрслесарь ретінде жұмыс істеп, мол тәжірибе жинақтады.Ол үнемі өзінің кәсібилігін дәлелдеп келеді.

– Біздің телімнің негізгі атқаратын жұмысы жер асты техникаларын жөндеу және соларға қызмет көрсету болып табылады. Электрслесарьлар бригадасы техникалардың сақадай сай болуына әрқашан дайын. Ұжымымыз жүктелген міндетті уақытылы еңсеріп келеді, – дейді Андрей Владимирович.

Андрей Владимирович жұмысшы мамандығын көбірек насихаттап, жастарды өндіріске тарту керек деп санайды. – Биылғы жылды Президент «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Бұл өте орынды. Қазір жұмысшы мамандығының беделін асырып, қарапайым еңбек адамының мәртебесін өсіруге баса көңіл бөлген жөн. Жастарды жұмысшы мамандығына икемдеу –қазіргі заман талабы, – деп сөзін түйіндеді.

Сондай-ақ оқыңыз

Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 6,2%-ға өсті

Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 6,2%-ға өсті

15.07.2025
Президенттің ел экономикасын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау: Үкімет жарты жылда ЖІӨ-нің 6,2% өсімін қамтамасыз етті

Президенттің ел экономикасын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау: Үкімет жарты жылда ЖІӨ-нің 6,2% өсімін қамтамасыз етті

15.07.2025

Андрей Демичев ұжымында білікті маман болса, отбасында асқар тау әке, немерелерінің қамқоршысы. Бос уақытында кітап оқып, демалыс күндерін отбасымен табиғат аясында өткізгенді қалайды, әсіресе Жезді кентіндегі бұлақтардың маңында тынығуды дағдыға айналдырған.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Бөлісу29Твитерге18
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Дулығалы мешіті

Дулығалы мешіті

27.01.2023
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 6,2%-ға өсті

Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 6,2%-ға өсті

15.07.2025
Президенттің ел экономикасын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау: Үкімет жарты жылда ЖІӨ-нің 6,2% өсімін қамтамасыз етті

Президенттің ел экономикасын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау: Үкімет жарты жылда ЖІӨ-нің 6,2% өсімін қамтамасыз етті

15.07.2025
Нысандарда болды, тапсырма берді

Нысандарда болды, тапсырма берді

11.07.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру