Сейсенбі, 15 Қыркүйек , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Мұқаба

Еңбегі ерен электрмонтерлер

11.10.2024
- Мұқаба
0
Еңбегі ерен электрмонтерлер
95
БӨЛІСТІ
265
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

«Қазақмыс» корпорациясының өңірлердегі кен тасымалдау жұмысын атқарып отырған «Транко» АҚ құрамындағы «Транко Жез» ЖШС бірнеше құрылымнан тұрады. Солардың қатарында электрмен қамтамасыз ету бөлімінің шаруашылығы айрықша орын алады.

Қайрат Түлкібаевтың басшылығындағы бөлімде электрмонтерлердің қызметі сұранысқа ие. Жүйткіген электровоздардың межелі жерге уақытында жетуіне жауапты бірден-бір мамандық иелерінің тынымсыз еңбегі арқасында кен байытылып, сары мыс алынуда.

Бөлімдегі электрмонтерлердің бірі – Бақытбек Әлімбаев. Оның бұл салаға келгеніне биыл он жыл толыпты. Алғашқы еңбек жолын Жезқазған байыту фабрикасында бастаған ол мұнда 3-разрядты маман болып келген. Электровоз машинасының тоқтарын қалыпқа келтіріп, реттеудің жай-жапсарын Николай Парковтан үйренген. Тәжірибелі маман бүгінде өзінен кейінгі жастарға білгенімен бөлісіп, жол көрсетіп келеді.

Электрмен қамту бөліміне осыдан 5 жыл бұрын келген Мейрамбек Еламанның еңбек жолы мемлекеттік қызмет саласында басталған. Алғабас ауылдық әкімдігінде бір жарым жылдай жұмыс істеген ол Ақыл Бөлегеннің тәлімінде шыңдалып, қазір осы бөлімдегі білікті электрмонтер атанды.

«Казатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ компаниясында 10 жыл еңбек еткен Рахат Абдуллаевтың бұл салаға келгеніне – 4 жыл. Рахат та шыңдалу мектебінен өтті. Оның тәлімгері Нұрдәулет Қанафин болды.

Ұжымдағы аға буынның ісін жалғастырып жүрген Төремұрат Нұрсейіттің Жезқазған мыс қорыту зауытының жылу, энергетика бөлімінен осында келгеніне 6 айдан асыпты. Мейрамбек Еламанның талапкері еңбекқорлығымен көзге түсіп жүр.

Еңбегі ерен электрмонтерлердің арқасында «Транко Жез» ЖШС кен тасымалдау қызметінде оң нәтижеге қол жеткізіп отыр.

Суретте: (солдан оңға қарай) Б. Әлімбаев,
М. Еламан, Т. Нұрсейіт, Р. Абдуллаев
.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Бөлісу38Твитерге24

Көп қаралған

  • ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ КЕПІЛІ

    ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ КЕПІЛІ

    69 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 17
  • 🌿 ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ТАЗА АЙМАҚ, ТАЗА БОЛАШАҚ!

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • «Ұжымым – екінші отбасым»

    102 бөлісті
    Бөлісу 41 Твитерге 26
  • ТАЗА ҚАЗАҚСТАН АКЦИЯ

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • ЗАҢ МЕН ТӘРТІП: ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру