Жексенбі, 18 Қаңтар , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Еңбегі ерен батырға құрмет

Ер есімі – ел есінде

04.11.2022
- Жаңалықтар
0
Еңбегі ерен батырға құрмет
94
БӨЛІСТІ
262
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Біз Ұлы Отан соғысының зардабын шеккен  буынның ұрпақтарымыз. Қан майданда Отан алдындағы борышын ақтаған әкелеріміздің ерлігі біздің жадымызда, сол әкелеріміздің Отан қорғаудағы жанқиярлық ерлігін ұлықтау, өскелең ұрпаққа жеткізу бізге жүктелген ауыр болса да абройлы міндет  екені айдан анық.

Биылғы жылдың 14 қазанында Ұлы Отан соғысының ардагері,  «Қызыл Жұлдыз», «Даңк» орденінің толық иегері Жақсымбек Тілеуұлы Үншібаев 100 жасқа толды.  Ерлігі ерен батырды еске алу мақсатында «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жанындағы  «Ардагерлер кеңесінің» басқарма төрағасы Төлеген Нұрмағанбетұлы Бүкіровтың бастамасымен ағамыздың соңғы қызмет орны Сәтбаев тұрғын үй шаруашылығының Сәтбаев даңғылындағы №98 үйінде орналасқан бұрынғы кеңсесіндегі ескерткіш тақтасының ескіруіне байланысты 2020 жылы жаңасын орнаттық .

Биылғы жылдың басында батыр ағамыздың ұрпақтарымен ақылдасып, Төлеген Нұрмағанбетұлының ұсынысымен Жақсымбек ағаға Сәтбаев қаласының көрнекті жерінен бюст орнату қолға алынды. Осы орайда қаржылай көмек көрсеткен «Қазақмыс» корпорациясы басшылығына алғысымызды білдіреміз.

Өз тарапымыздан №1, №4 мектептерде, Достық үйінде, Сәтбаев қаласының мұрағатында жастармен кездесу өткіздіп, батыр ағамыздың ерлігін паш етіп, ардагерлеріміз батыр ағамыздың өмір жолын бір саралап өтті.

Сәтбаев қаласының Тағзым алаңында орналасқан Ж.Үншібаевтың бюстінің жанында 27 қыркүйекте Отан қорғауға әскер қатарына шақырылған азаматтарымызды шығарып салу салтанатына қатыстық. Бұл шаралар  келешекте жалғасын табады  деген сенімдеміз.  Батыр аталарымыздың жарқын бейнесі  мәңгі есімізде сақталады.

Ә. Мулақов, «Қазақмыс» корпорацисы» ЖШС жанындағы Ардагерлер кеңесі  Сәтбаев филиалының басшысы.                                

Бөлісу38Твитерге24
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
«Жезқазған» қонақүйінде туған ән

«Жезқазған» қонақүйінде туған ән

19.04.2024
Табыс тасқындаған жыл

Табыс тасқындаған жыл

26.12.2025
Полицияның бір күні

Полицияның бір күні

16.01.2026
Мемлекеттік кеңесші. Жаңа Парламенттің негізгі мемлекеттік институттардың қызметін қамтамасыз етудегі өкілеттіктері талқыланды

Мемлекеттік кеңесші. Жаңа Парламенттің негізгі мемлекеттік институттардың қызметін қамтамасыз етудегі өкілеттіктері талқыланды

16.01.2026
Қауіпсіздік қалқанына айналғандар

Қауіпсіздік қалқанына айналғандар

16.01.2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру