Жексенбі, 18 Қазан , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Мезгіл мәселесі

Экология және энергетика мәселелері көшпелі кеңес отырысында кеңінен сөз болды

03.05.2024
- Мезгіл мәселесі
0
Экология және энергетика мәселелері  көшпелі кеңес отырысында кеңінен сөз болды
111
БӨЛІСТІ
307
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Жезқазған, Сәтбаев қалаларының және Ұлытау ауданының бір бөлігіндегі экологиялық ахуалды, қоршаған ортаны және халық денсаулығының жағдайын кешенді бағалау мақсатында «Экосервис-С» ЖШС жүргізіп жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстары биыл аяқталуы тиіс. Соның нәтижесінде ҚР Үкіметіне қарастыру үшін жолданады. Бұл жайында Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің көшпелі отырысында мәлімдеді.

Өңір басшысы алқалы жиында ұзақ жылдан бері облыста қордаланып қалған бірқатар мәселені кезең-кезеңімен шешу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарды да баяндады. Аймақ басшысының айтуынша, Жезқазған қаласын сапалы ауыз сумен қамту үшін қолға алынған «Үйтас Айдос» суағарын толықтай жаңарту ауқымды жұмыстарын биыл аяқтау көзделіп отыр. Одан бөлек, облыс орталығындағы көнерген жылу желілерінің барлығы кезең-кезеңімен ауыстырылуда. Өңірде қоқыс өңдейтін зауыт салу жоспары да күн тәртібіндегі өзекті мәселе.

«Ұлытау облысының экологиялық және энергетикалық проблемалары мен оларды шешу жолдары» тақырыбында өткен отырыста облыс әкімінің орынбасары Ұлантай Үсенов халық сұранысы бойынша Жезқазған, Сәтбаев қалаларының ауа құрамын бақылау мақсатында 2023 жылы 4 арнайы датчик қойылғанын жеткізді. Бұл өз кезегінде ауаға таралатын ластаушы заттардың шамадан тыс шыққан жағдайда, дер кезінде тиісті шара қолдану үшін қажет. Биыл тағы арнайы 4 датчик орнатылады.

Сонымен қатар, жиында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі, Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі, «Қазақмыс» корпорациясының Басқарма төрағасы өңірдің экологиялық және энергетикалық мәселелерін және оларды шешу жолында қолға алынатын жұмыстарды мәлім етті.

Жиынға арнайы қатысқан депутаттар мен қоғам белсенділері өңірдегі жылу қазандықтары, су тасуы кезіндегі су құрамы, ауыз су, кәсіпорынды өлкедегі ауа сапасы, газдандыру және өзге де экологиялық мәселелерге қатысты алаңдаушылық тудырған сұрақтарын жолданды. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы, модератор Еділ Жаңбыршин өз кезегінде көтерілген барлық мәселе аясында атқарылатын жұмыстардың бақылауда болатынын жеткізді.

Ізтай БЕЛГІБАЙҰЛЫ.

 

Бөлісу44Твитерге28

Көп қаралған

  • Энергетиктердің еңбегі еленді

    Энергетиктердің еңбегі еленді

    108 бөлісті
    Бөлісу 43 Твитерге 27
  • АҚШ елшісі мыс қорыту зауытымен танысты

    89 бөлісті
    Бөлісу 36 Твитерге 22
  • Инженерлік білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық кеңеюде

    74 бөлісті
    Бөлісу 30 Твитерге 19
  • Жезқазғандықтардың үні үкіметке жетті

    96 бөлісті
    Бөлісу 38 Твитерге 24
  • Ұйым жүлдесі «ЖезУ» командасына бұйырды

    110 бөлісті
    Бөлісу 44 Твитерге 28
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру