Бейсенбі, 5 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Уақыт уыты

Екі кез бөз

Оңашадағы ой

23.12.2022
- Уақыт уыты
0
Екі кез бөз
86
БӨЛІСТІ
238
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Сондай-ақ оқыңыз

Құмарлық қақпаны

Құмарлық қақпаны

06.12.2024
Мақсат –экология мүддесі

Мақсат –экология мүддесі

19.04.2024

Жалғанның жарығына лыпасыз келген жанға бақилыққа бет бұрғанда бұйыратыны – екі кез бөз! Бұны бәрі біледі. Ендеше қоғамда парақорлық пен жемқорлық неге жойылмайды? Қолға түскен, абақтыға айдалған «қасқаның» қатарында кім бар? Үйге үйір ұрыдан, Үкімет басшысына дейін! Сірә, «кім жоқ?» деген дұрыс?! Кейде «Бұл қалай?» деп, қапаланасың.

Жалған сөйлемейін, парақорлық қоғамда қашаннан бар: қылышынан қан тамған «қызыл коммунист» кезінде де кездесетін. Көріп жүрдік. Бірақ, батып айта алмадық. Тіпті «пара» деген сөздік қорда сирек кездесетін. «Алған-берген» – айып емес еді. Тәуелсіздік тізгіні тигесін, үзеңгі шіреп тұрып тепсіндік: «Жемқордың желкесін үзем!» деп. Қайдағы?! «Азуын айға білеген» айылын да жиған жоқ: «шелек жалағанды» шетінен жазалап, «шер» тарқаттық. Кейінгі кезде ғой, «майшабаққа» «шортан-шорағай» араласа бастады. Жасыратын несі бар: парақорлық пен жемқорлық қоғамның ашық түрде асқынған «құртауруына» айналды. Ал, «асқынған ауруды» жасыру жөнінде қайран қазекем қандай қанатты қағида қалдырғаны белгілі. Соған қарамай, бір билікке қолың жетсе, бірдеңе алғың келіп тұрады. Қоғамды жегідей жеген жемқорлық – қазақи ұғымға жақындатып, түсінікті тілмен әдіптелген «коррупция». Ал, ол обыр ешкімді оңдырмайды. Қызығы сол, қазір «коррупционерді» халық құдайдай көріп, құдасындай сыйлайтын жағдайға жеттік. Белгіленген бағдарламаны, жаңғыртуды жүзеге асыруға кедергі келтіріп, «жығылғанға – жұдырық» болып отырған да – осы сыбайлас жемқорлық. Оны тудыратын экономикалық заңдылыққа сүйенбей жасалған сауатсыз саясат. Одан әрі қаржы, салық, тағы сондай сан-сапалақ саясат «балалай» береді. Менің түсінігімде, кез келген саланы кәсіпқой маман басқаруға тиіс. Ең сорақысы сол – нарықтық қатынастың қыр-сырын қақпайтын, ал ой-өрісі мен өресі отбасы мен ауыл-аймақтан аспайтын кейбіреудің «наны көтерілсе» – құдайдың ұрғаны. Сондай «сормаңдай» төңірегіне өзіндей топасты топтастырады, жағымпазды жинайды. Парақорлықтың өсіп-өнетін ортасы осы. Ол сыбайлас жемқорлыққа жол ашады. Жемқорлық жетегінде кеткен обал-сауапты жиып қойып, қоғам игілігін талан-таражға салады. Қашан қолға түскенше беті бүлк етпей, «жемқорлықпен күрестің» белортасында жүреді. Оның табиғаты солай. Қарап отырсаң, қоғамда сыбайлас жемқорлықпен күреспейтін тірі жанды таппайсың. Бірақ, қортындысы – қораш! Сөз бен іс сәйкеспейді. «Айқайлай-айқайлай қасқырдан да ұят болды» дегеннің кері.

Әлібек ӘБДІРАШ.

Бөлісу34Твитерге22
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Мемлекет тірегі – тәртіп

Мемлекет тірегі – тәртіп

30.05.2025
Балалардың денсаулығы – назарда

Балалардың денсаулығы – назарда

30.05.2025
Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

30.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру