Сейсенбі, 15 Қыркүйек , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Әлеумет

Дүбірлі дода Қанат Балмағамбетовті еске алуға арналды

08.12.2023
- Әлеумет
0
Дүбірлі дода  Қанат Балмағамбетовті еске алуға арналды
94
БӨЛІСТІ
262
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Бүгінде тек Жапон елі ғана емес, төрткіл дүниенің назарын аударып жатқан
каратэ спорты қазақ жерінде де кең таралған. Аталмыш спорт түрінен Жезқазған қаласында облыстық турнир өтті. Дүбірлі дода Сәтбаев қаласының құрметті
азаматы, қоғам қайраткері Қанат Сұлтанұлы Балмағамбетовті еске алуға
арналды.

Саналы ғұмырында сан саланы басқарған арда азамат 2003 жылдан бастап сол кездегі Қарағанды облыстық каратэ-до киокушинкай федерациясының президенті қызметін атқарған болатын. Сол кезеңдерде Жезқазған, Сәтбаев қалаларында халықаралық, республикалық деңгейде  турнирлер, чемпионаттар, кубоктар жүйелі түрде өтіп отырды. Дүбірлі доданың ашылу салтанатына Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Шайжанов, Сәтбаев қаласының әкімі Шапағат Әубәкіров, «Қазақтың Кетбұқасы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлеген Бүкіров сынды азаматтар және Қанат Сұлтанұлының отбасы мен жақындары қонақ болып қатысты.

Каратэ негізінен ұпай жинау бойынша ерекшеленеді. Мұнда бокстағыдай, қорғана жүріп жеңіп кетуге болмайды. Бұл қарусыз қорғанудың бір түрі, қол және аяқпен қарсылас денесінің неғұрлым осал тұсына соққы беруі қажет. Ереже осылай. Шапшаңдық, шыдамдылық және  ептілік қасиеттері де барынша шыңдалады. Облыстық турнирге Астана, Алматы, Көкшетау, Қарағанды, Өскемен, Павлодар, Сәтбаев, Жезқазған қалаларынан бас-аяғы 200-ден аса жасөспірім қатысты. Додаға қатысушылардың мақсаты бір – ол жеңіске жету. Ал, бұл жарыс  жасөспірімдер мен жас спортшылар үшін өз шеберліктерін  көрсететін  үлкен мүмкіндік болды.

Бірнеше салмақ дәрежесі бойынша сынға түскен сайыста мықтыларды анықтау оңай болмады. Барлығы да кәсіби шеберлігімен бір-бірінен асып түспесе, кем болған жоқ. Талабы мен шарты қиын жарыс соңында кіл мықтылар анықталды.  Жарыс соңында жас каратэшілер лайықты жүлделермен, алғыс хаттармен марапатталды.

Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.

Бөлісу38Твитерге24

Көп қаралған

  • ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ КЕПІЛІ

    ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ КЕПІЛІ

    69 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 17
  • ЗАҢ МЕН ТӘРТІП: ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • «Ұжымым – екінші отбасым»

    102 бөлісті
    Бөлісу 41 Твитерге 26
  • #ЗАКОН И ПОРЯДОК — ОСНОВА СТАБИЛЬНОСТИ ОБЩЕСТВА

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • 🌿 ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ТАЗА АЙМАҚ, ТАЗА БОЛАШАҚ!

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру