Сейсенбі, 1 Шілде , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

«Дидардан» – «Ұлытауға»

Жағымды жаңалық

23.12.2022
- Жаңалықтар
0
«Дидардан» – «Ұлытауға»
87
БӨЛІСТІ
241
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Қоғамның дамуы мен қалыптасуында бұқаралық ақпарат құралдарының алатын орны айрықша! «Дидар» телеарнасы – осыдан алпыс үш жыл бұрын өмірге келіп, Жезқазған-Ұлытау аймағының шежірешісіне айналған қасиетті қарашаңырақ. Телеарна тынысында үлкен өзгеріс, үлкен жаңалықтар бар…

1959 жылы инженерлер идеясымен мысты шаһарда әуесқой телевизиялық студия құрылды. 1965 жылы Жезқазған кен-байыту комбинатының қомақты қаражатын тарта отырып, әуесқой телевизиялық студия базасында оны қайта құру жұмыстары жүргізілді. Содан бері, біздің телеарна киелі өңірдің жағымды жаңалықтарын да, жанайқайларын да жұртқа жүйелі түрде жеткізіп келеді. Ұлытау облысының құрылуы мен мысты шаһардың қайтадан облыс орталығы атануы өңірдегі барлық салаға оң өзгерістер әкелуде. Кешегі аймақтық «Дидар» телеарнасы 20 желтоқсаннан бастап эфирге «Ұлытау» облыстық теле-радио компаниясы болып шықты. Ұлт ұясына баланған Ұлытау облысының «Ұлытау» теле-радио компаниясы жаңа облыстың тарихын жазуға кірісті. Телеарна архивінде Жез қаланың қазығы қағылған күннен бастап, қазіргі күнге дейінгі аралық сол қалпында сақтаулы. Сонымен қатар, «Қазақмыс» сынды әлемдегі қуатты кәсіпорынның әрбір шыққан белесі мен биігі жайлы мәліметтер де біздің мұрағаттан табылады. Ақпарат саласындағы ауқымды жұмыстар әрі қарай да жалғасын табады. Арна қызметкерлерінің дені жалынды жастар. Демек, телеарнада тер төккен аға буын өкілдерінің лайықты ізбасарлары да бар деген сөз. Арнаның жаңалықтар қызметі аптасына 5 күн бойы, екі тілде эфирге шығады. Сонымен қатар күндізгі жаңалықтарымыз 12 қыркүйектен бастап іске қосылды. Телеарна тілшілері күнделікті орын алып жатқан айшықты оқиғалардан сюжеттер мен арнайы репортаждар әзірлеп, көпшілікті құлағдар етеді. Коммерциялық бағдарламаларымыз сол күйі қалады. Ұлытаудың төрінде «Ұлытау» телеарнасы қосулы болсын!

Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.

 

Сондай-ақ оқыңыз

ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ЖЕЗҚАЗҒАНДАҒЫ СУ ЖҮЙЕСІН ТАЗАРТУ ҚҰРЫЛҒЫСЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖОБАСЫН ҚОСЫМША ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ

ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ЖЕЗҚАЗҒАНДАҒЫ СУ ЖҮЙЕСІН ТАЗАРТУ ҚҰРЫЛҒЫСЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖОБАСЫН ҚОСЫМША ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ

01.07.2025
Облыстық одақта – жаңа төраға

Облыстық одақта – жаңа төраға

27.06.2025
Бөлісу35Твитерге22
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Дулығалы мешіті

Дулығалы мешіті

27.01.2023
Шолпан шапағы

Шолпан шапағы

13.06.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ЖЕЗҚАЗҒАНДАҒЫ СУ ЖҮЙЕСІН ТАЗАРТУ ҚҰРЫЛҒЫСЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖОБАСЫН ҚОСЫМША ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ

ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ЖЕЗҚАЗҒАНДАҒЫ СУ ЖҮЙЕСІН ТАЗАРТУ ҚҰРЫЛҒЫСЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖОБАСЫН ҚОСЫМША ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ

01.07.2025
«Қазақмыс» ынтымақтастық: Үстел теннисі қарқын алды

«Қазақмыс» ынтымақтастық: Үстел теннисі қарқын алды

27.06.2025
Облыстық одақта – жаңа төраға

Облыстық одақта – жаңа төраға

27.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру