Кез-келген үй-жайды таза ұстау маңызды. Ал қоғамдық ғимараттарға, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектілеріне халықтың денсаулығын қамтамасыз ету мақсатында тиісті санитариялық-гигиеналық талаптар қойылады. Олар дезинсекциялық және дератизациялық іс-шаралар арқылы жүзеге асырылады.
Аталмыш санитариялық-гигиеналық талаптар ҚР Денсаулық сақтау минмстрлігінің арнайы бұйрығымен бекітілген «Дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» қағидаларында регламенттелген. Онда мынадай анықтамалар бар: дезинсекция – адамды, жануарларды, үй-жайлар мен аумақты қорғау мақсатында жәндіктер мен буынаяқтыларды жою және алдын алу іс-шараларының кешені; дератизация – кеміргіштер санын жоюға немесе азайтуға бағытталған профилактикалық және истребительдік шаралар кешені.
Дезинсекциялық және дератизациялық іс-шараларды жүргізу «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің107-бабына сәйкес жүзеге асырылады. Дезинсекция және дератизация жүргізу үшін Еуразиялық экономикалық одақ өнімін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізілімінде тіркелген препараттар қолданылады.
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР Заңына сәйкес осы қызмет түрлерімен лицензиясы бар мамандандырылған ұйымдар ғана айналысады. Сондықтан, жүгінуші тараптың мынадай ұсынымдарды сақтауы маңызды:
1) жәндіктер мен кеміргіштерге қарсы өңдеу жүргізу үшін жәндіктер мен кеміргіштерді профилактикалық өңдеуді жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдарға жүгіну қажет;
2) емдеуді өз бетінше жүргізуге, тіркелмеген, сондай-ақ ветеринария мен фитосанитарияға арналған препараттарды пайдалануға қатаң тыйым салынады;
3) мамандандырылған ұйымдарды тарта отырып, дезинсекция жүргізер алдында объектінің әкімшілігін (пәтер иелерінің кооперативін) және баспалдақ алаңы мен жоғарыдан және төменнен көтергіш бойынша өз көршілерін оны өткізу күні мен уақыты, қолданылатын құралдар мен сақтық шаралары туралы хабардар етуге тиіс;
4) Дезинсекция есіктер мен терезелер жабық болған кезде жүргізіледі. Жұмыс аяқталғаннан кейін бөлме препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес мұқият желдетіледі, желдету жүргізілгенге дейін үйде қалмаңыз, препараттың әсер ету уақытында таза ауада серуендегеніңіз жөн.
Тамақ өнеркәсібі, қоғамдық тамақтану және азық-түлік саудасы объектілерінде дезинсекциялық іс-шаралардың жиілігі айына 1 рет, балалар мекемелерінде, денсаулық сақтау объектілерінде, өнеркәсіптік және коммуналдық мақсаттағы объектілерде 3 айда 1 рет және көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.
Тұрғын үйлерге іргелес объектілерде, көппәтерлі тұрғын үйлердің жертөлелерінде, сондай-ақ тұрғын үй-жайларда суық және ыстық тұман әдістерімен дезинсекция жүргізуге қатаң тыйым салынады. Суық және ыстық тұманның жоғары ену қабілеті және улау қаупі жоғары.
Оралмаған тамақ өнімдері бар үй-жайларда уланған сусымалы жемді қолдануға тыйым салынады. Адамдар қоныстанған бөлмелерде дератизация аяқталғаннан кейін улы жемнің барлық қалдықтары кәдеге жарату мақсатында жиналады. Олар балалар мен үй жануарларына қауіпсіз жерлерде, кеміргіштердің қорғалатын объектіге енуіне жол бермеу үшін қалдырылады.
Дезинсекция және дератизация құралдарын өндірумен айналысатын немесе осы қызметтерді көрсететін жеке және заңды тұлғалардың басшылары:
1) қызметтерді жүзеге асыру процесінде жеке және қоғамдық қауіпсіздік шараларын сақтауға;
2) өндірістік бақылауды, оның ішінде Кодекстің 51-бабына сәйкес зертханалық зерттеулер мен сынақтар жүргізу арқылы жүзеге асыруға;
3) халықты, мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесін халықтың денсаулығына қауіп төндіретін авариялық жағдайлар немесе технологиялық процестердің бұзылуы туралы уақтылы хабардар етуге міндетті.
Объектілердегі дезинсекциялық, дератизациялық іс-шаралар объект әкімшілігі өкілінің (тапсырыс берушінің) қатысуымен жүргізіледі. Өңдеуге жататын үй-жайда тұрған адамдарға іс-шаралардың жоспарланып отырғанын және қажетті сақтық шаралары туралы хабарлайды. Өңдеу жүргізілетін орындарда өңдеуге қатысы жоқ адамдардың, сондай-ақ үй жануарларының болуына жол берілмейді.
Аталған шараларды өздігіңізден жүргізу Сіздің және туыстарыңыздың денсаулығына зиян тигізуі мүмкін, тіпті өлім-жітімге әкелуі мүмкін. Қорыта айтқанда, жоғарыда аталған іс-шараларды ұдайы өткізу салауатты және қауіпсі зөмір сүру ортасын қамтамасыз етеді. Бұл іс-шаралар жұқпалы аурулардың таралуын болдырмайды, мүлікті және азық-түлік қорларын жәндіктер мен кеміргіштердің зақымдануынан қорғайды.
Лаззат Кыдыкенова,
Жезқазған қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшының орынбасары.