Кен өндірісінде жиырма тоғыз жыл еңбек етіп, силикоз диагнозымен жеңіл жұмысқа ауыстым. Қазіргі таңда мамандандырылған жөндеу-механикалы қбасқармасының №6 телімінде слесарь болып еңбек етудемін.
Денсаулығыма байланысты жұмыстың жеңілдетілген түріне ауысқалы мүгедектікке шығуға мүмкіндігім болмай отыр. Айқындалған өндірістік диагнозбен мүгедектік топқа шығуымыз жыл сайын қиындап барады.
Мүгедектікке шығу, 5 пен 29 пайыз аралығында ақы төлеу, медициналық тексеріс кезіндегі кейбір жағымсыз жайттар туралы мәселелерді «КәсіпҚорған» кәсіподағы ҚР Денсаулық министрі Ажар Ғинаятқа жолдағанын «Мысты өңір» газетінен оқыдым. Жалпы, кәсіподақтың министрге жолдаған талаптары – өте орынды әрі дер кезінде көтерілген бастамалар. Бұл бағыттағы жұмыстарды жан-жақтыз ерттеп, бақылау және бір ізге түсірудің мезгілі жетті.
Медициналық тексерістегі кедергілер жұмыскерлерді әуре-сарсаңға салып, сабылтып қояды. Нақты диагнозы айқындалған жағдайда еңбекке жарамсыз деп танып, мүгедектік топ берудің тетігін қарастыру керек. «КәсіпҚорған» кәсіподағы дер кезінде көтерген бастамалар тиісті министрлік тарапынан қолдау табады деп сенемін.
Шахмардан Меркенов.